Сайрам ауданы: Мүбәрак айда мешіт ашылды

Қасиетті Рамазан айында Сайрам ауданы,  Қарасу ауылдық  округіне қарасыты, Жаңа-Құрылыс  ауылында «Жаңа-Құрылыс»   атындағы мешіт ашылды.

Мешіттің ресми ашылуына ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев арнайы қатысты.

Мешіттің ашылу салтанында қасиетті Құран Кәрім оқудан басталды. Оны аудан имамы Рахматулла Жұмаділлаев оқыды.

 Ғибадат үйінің демеушісі  жеке кәсіпкер Қуатбеков Қадырбек Садыққажыұлына Алла тағалданың нұры жаусын.

Жиын барысында  өкіл имамы Бейбіт қажы қасиетті Рамазан шәріп айының қасиеттері айта келе, мешіт бірлікке, ынтымаққа, елдің рухани орталығы болуы керек екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ, сөз соңында мешіттің кітапханасына қасиетті Құран Кәрім хадия етті.

Құлшылық үйі құтты болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу