Үндеуге қосқан үніміз

Бүгінде, Қазақстан ынтымағы мен бірлігі жарасқан көпұлтты бірден-бір ел. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан — әлем тарихындағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен дамытудың бірігей моделін қалыптастырып  отырған жалғыз мемлекет.

Біз, бұл үшін Алла тағалаға сансыз мадақ пен мақтаулар айтуға тиіспіз. Асыл дініміз өркен жайып келеді. Дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің  қолдауымен  елімізде 11 медресе, 1 Иимамдардың білімін жетілтіру курсы мен Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті универсиеті ашылып, жемісін беріп келеді.

Хазреттің бастамасы мен көптеген игі істер қолға алынып, халық тарапынан қолдау табуда. Соны бастамаларының бірі һәм бірегейі ел халқына жолдаған үндеуін атап өту керек.

Дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің жалпы ел халқына арнаған Үндеуін арнайы Шымкент қаласы, Хамза, Қорғасын мөлтек ауданындағы кәсіпкерлер тарапынан қолдауға ие болуда.

Шымкент қаласында көп жылдардан бері халыққа қызмет етіп кележатқан, тіпті отандық өз өнімдерін шет елдерде экспорттайтын «Арай» ЖШС-нің барлық өнімдерін қасиетті Рамазан айында  он пайыз төмен бағада саьылыпға шығарып отыр. Бұл фирманың басшысы  Ә. Қозыбаев мырзаға алғысымызды білдереміз.

        Мүбәрак Рамазан шәріп айында барлық азық-түлік, тауар түрлерін, коммуналдық қызметтерді мүмкіндігінше арзандатып, үндеуге баршамыз болып қолдау көрсетейік, бауырлар!

 

Зейнулла  Мәуленұлы,

Шымкент қаласы «Әкбар қажы Шәкірбай»

мешітінің бас имамы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу