Шымкентте үндеу қолдау табуда

Дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің жалпы ел халқына арнаған Үндеуін арнайы Шымкент қаласы, Қазығұрт мөлтек ауданындағы кәсіпкерлер тарапынан қолдауға ие болуда.

Атап айтқанда, Шымкент қаласына қарасты, Қазығұрт мөлтек ауданындағы «Жанар-1» сауда орталығында барлық азық-түлік өнімдерін он пайызға төмендетілген баға мен сатуда. Бұл сауда орталықтың директоры Қуаныш Жалбарынов деген азамат.

Сонымен қатар, осы мөлтек аудандағы Нұрлы көшесіндегі сауда орталығы Рамазан айынан бастап, дүкендерінен толық арақ-шарапты аластатып, Рамазан айынан кейінгі уақыттарда да арақ-шарап сатпайтындығын мәлім етті. Оның иесі жеке кәсіпкер Керейбаев Ербол деген азаматтарға Алла тағаланың берекеті болсын.

Қасиетті айда барлық азық-түлік, тауар түрлерін, коммуналдық қызметтерді мүмкіндігінше арзандатып, үндеуге баршамыз болып қолдау білдірейік, ағайын!

Бекайдар Әміре,

Шымкент қаласы «Қождан ата Жение»

мешітінің бас имамы 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу