ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕСІ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАЙДЫ!

ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕСІ

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы — бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

(Абай Құнанбайұлы)

 

ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕСІ ОҚУҒА

ҚАБЫЛДАЙДЫ!

Құрметті талапкерлер! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Шымкент медресесі» 2012-2013 оқу жылына ұлдар және қыздар бөлімдеріне студенттер қабылдайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің берген лицензиясы бойынша 2007 жылдан бастап білім беріп келе жатқан Шымкент медресесі оқу ғимараты, кітапхана, асхана, жатақхана сынды материалдық базамен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар медресе шәкірттеріне компьютерлік дәрісхана мен лекция залы, спорт алаңы және зәулім мешіт қызмет көрсетеді.

Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен жүргізіледі.

Бітіруші түлектерге төмендегідей мамандық беріледі:

01 «ИСЛАМТАНУ»

02 «Имам-хатиб

03 «Ислам негіздерінің мұғалімі»

Оқыту нысаны күндізгі. Орта арнаулы кәсіптік білім берудің мерзімі — 2 жыл 10 ай.

Медреседе жоғары санаттағы дінтанушы мамандар мен университет қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар ұстаздар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ

Медресе шәкірттері әңгімелесу бойынша қабылданады.

 Талапкерлер мынандай құжат тапсырулары қажет:

-    Медресе директоры атына жазылған өтініш.

-   Жергілікті имамдардың берген ұсынысы.

-   Өмірбаян.

-   Орта білімі туралы аттестаты. (түпнұсқасы)

-   №086-У және №063 үлгідегі дәрігерлік анықтама.

-   Психо-диспансерлік анықтама

-   Көлемі 3х4 сурет (6 дана)

-   Жеке куәліктің көшірмесі.

-   Әскери билеті немесе әскерге шақыру туралы куәлігі (приписной )

-   Құжаттарды тігіуге арналған іс-парағы. (скоросшиватель)

-   Талапкер 25 жастан аспауы тиіс

 Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы,

Текстиль мөл/ауд. Рекордная №4

Құжаттарды қабылдау: 14.06 дан 09.08.2021 ж. дейін

Қабылдау емтиханы 10-11.08.2012 ж.

Байланыс телефондары:   8 (7252) 53 86 74

8 702 872 98 18 

8 702 393 59 72

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассаляму аллейкум! Менин жасым 31-де, маган медрессеге тусуге боладыма? Кызымды алып сол жерде окысам ба деген ниетим бар еди. Кызым 7 жасар. Окуга тусе алмассам кандай баска мумкиншиликтер бар.

Пікір жазу