Жеңіс Әбибуллаұлы: Ораза кезіндегі жүктілік және бала емізу мәселесі

Құран түскен қасиетті Рамазан айы келгенде исі мұсылман әрбір тынысының сауабы мол екенін біліп қуанатыны белгілі. Тирмизи жеткізген хадис-шәріпте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Себепсіз Рамазанда бір күн ораза тұтпаған кісі оның орнына жыл бойы ораза тұтса, Рамазандағы әлгі бір күндік сауапқа жете алмайды», – деген сөзінің мәнін ұққан жан Рамазан айының оразасын ұстауға құлшынып тұрады.
Иә, дегенмен осындай сауапты үміт етіп, бірақ ораза ұстауға шамасы келмейтін адамдар жоқ емес. Солардың бірі – аяғы ауыр әйелдер мен емізулі баласы бар ана-лардың ораза ұстау мәселесі.
Олар егер денсаулығы жарап, ұстауға шамалары жетсе, ауыз бекітулеріне болады. Алайда, өзіне не сәбиіне зиян келетін болса, ораза ұстамауына шариғат рұқсат еткен. Жалпы қандай да бір аурумен сырқаттанғандар (кейіннен жазылған жағдайда), сапарда жүргендер (сапардан оралғанда), хайыз, нифас секілді үзірлі жағдайдағы әйелдер (мерзімі біткеннен кейін), жүкті және бала емізетін әйелдер (емізулі кезеңнен шыққанда) оразаларының қазасын өтейді.
Құранда Алла тағала: «Оразаның күні санаулы. Сендерден біреу ауру болып немесе жолаушы жүріп (ораза ұстамаса), кейін сол күннің орнын толтырсын. Ораза ұстауға дәрменсіздер (кәрілер яки әлсіздер) күніне жоқшылықтағы бір адам тоятындай фидя берсін. Кімде-кім (көрсетілгеннен) артық берсе тіпті жақсы. Білсеңдер, сендер үшін (ауыз ашық жүруден, садақа беруден) ораза ұстағандарың әлдеқайда жақсы», – деген («Бақара» сүресі, 184-аят).
Имам Бұхари кітабының «Әйиамән маъдудат» (Санаулы күндер) атты бабында: «Емізуші немесе жүкті (әйел) өзіне не сәбиіне (зиян келеді деп) қорықса, екеуі де аузын ашады, сосын (уақыты келгенде қазасын) өтеп береді», – делінген.
Денсаулығына немесе сәбиге зиян келетін-келмей-тінін немесе сырқатының қауіпті-қауіпсіздігін нақты анықтау үшін жақсы дәрігерге жүгінген абзал. Мұны барлық Ислам ғұламалары қолдайды.

Жеңіс Әбибуллаұлы,
дінтанушы

Ақпарат көзі: http://www.islam-orkeniet.kz/?p=2665

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Асаламагалеикум, уа рахматулахи баракатух. Устаган ораза, айттарыныз кабыл болсын. сурак,, Менін екі кызым бар, біреуі 3 те, екіншісі 6 да. шариғат боиынша, кандаи тарбие беруге болады. Намазға кай жастан бастап оку керек?

Пікір жазу