«Интисар» студиясы «Даналар ізімен» атты фильм түсірді

«Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының» тікелей қолдауымен  «Интисар» студиясы қазақ тілінде «Даналар ізімен» атты 12 сериядан тұратын деректі-публицистикалық фильм түсірді. Бұл фильм қазақ даласынан шыққан Хибатулла ат-Тарази, Кауам ат-дин әл-Иткани секілді ислам ғұламаларының, Әбубәкір Кердери, Бекет ата, Сұлтан Бейбарыс секілді ұлы ойшылдарымыз бен ел басқарған қайраткер бабаларымыздың өмірінің бізге беймәлім тұстарын қамтитын тың деректерден тұрады.

Дала өркениетінің қалыптасуына себеп болған теңдессіз мұралар әлі толық зерттеліп болған жоқ, фильмнің идеясы ислам мәдениеті мен қазақ тарихын қалыптастыруға зор үлес қосқан абыздарымызды бүгінгі ұрпағымен қайта қауыштыру. Деректі фильм Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қатысуымен түсірілді.

«Даналар ізімен» фильмінің әр сериясының ұзақтығы 21 минутті құрайды. Фильм қасиетті Рамазан айында, нақтырақ айтқанда, 31-інші шілдеден 17:35-те «Қазақстан» ұлттық арнасында, ал 30-ыншы шілдеден бастап 20:30-да «Мәдениет» арнасы арқылы көрсетілетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Саламатсыздар ма, менің білгім келгені Маган Әбубакір Керди туралы деректі фильмі керек еді оны қайтсем деректі фильм циклінен дискіге жазып ала аламын? Сіздер оны Интернетке сала аласыздар ма? Маган аса кажет еді, комектесіңіздерші.

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


+ 6 = 14