Г.Ж.Сандыбаева: Ораза аманаты

Ораза аманаты:

1. Өзін жеу-ішуден тыю;

2. Тілмен ғайбаттаудан тыйылу;

3. Өзін әйелімен (күндізгі ораза уақытында) жақындасудан тыю;

4. Өзін жаман ойларды ойлаудан, қолын жаман істерден тыю.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Кім мәнсіз сөзін тастамаса, оразаның сауабынан құр қалады. Аллаһ тағала жемей-ішпейтінімізге, ораза ұстағанымызға мұқтаж емес», – десе, Аллаһ тағала: «Аллаһ сіздерге аманаттарды өз иесіне қайтаруды бұйырады» («Ниса», 58), – дейді.

Ибн Масғуд (р.а.): «Ораза ұстау – аманат. Сондықтан, аманаттарыңа берік болыңдар», – деген хадисті риуаят еткен (әл-Хараити).

Келесі хадисті де Ибн Масғуд (р.а.): «Дін жолында соғысу, аманатқа қиянат жасаудан басқа барлық күнәларды жуып – шаяды. Пенденің намаз оқуы – аманат. Ораза ұстауы – аманат. Өтірік айтпауы – аманат. Ал аманаттың ең үлкені – біреудің затына қиянат жасау», – деген» деп жеткізеді (Табарани).

Қараңыз Аллаһ тағала пенделерге түсірген аяттарында аманатқа қиянат етпеу турасында тіпті бұйырып ескертсе, пайғамбарымыздың да аманаттың жауапкершілігін жеріне жеткізе суреттегенін хадистерінен айқын көріп отырмыз.

Бастығыңыз сізге бір іс тапсырды. Бұйрығын орындамадыыз, кейін Сізді сыйға тарта ма, жоқ әлде жазалай ма?

Осы өмір-тіршілігімізде, алды-берді, бір-бірімізбен қарым-қатынаста берілген аманатқа қиянат жасасақ, ол адамның ісінің ормандағы аңдар тіршілігінен айырмашылығы болмайды.

Мұсылман сипаты, «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 21-22 беттер.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу