Биылғы Рамазан айындағы бас мүфтиіміздің үндеуіне байланысты жеке кәсіпкерлер де өз қызметтерін ұсына бастады. Солардың бірі аудан орталығындағы «Жастар» дәмханасының меңгерушісі ерлі-зайыбты Асқар ағамыз бен Сәндікүл апамыз орталық «Түлкібас ата» мешітінің жамағатына оразаның отыз күніне газель автокөлігін өз демеушілігімен тегін жүргізіп қойды. Жамағат - қариялар бұл қызмет көрсеткендерге өз ризашылығын білдіруде. Қазір ауыз – ашарға бару, мешітке тарауих намазына барып - қайту мешіт жамағаты үшін көп жеңілдік әкелді.
«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.
1.08.2021 жыл.
Пікірлер