Сайрам ауданы: «Ашбұлақ» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап, Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ елді мекені «Ашбұлақ» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұрнағы жылы Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің тапсырмасында әрбір мешіт имамының жеке бөлмесі мен найб имамдарының бөлмесі және жамағаты қабылдау бөлмелері заман талабына сай болу керектігін тапсырған еді.

Осы тапсырма негізінде аталмыш мешіттің бас имамы Абдурафи Рахматуллаевтың бастамасы мен бас имам, найб имам, азаншы, жамағатты қабылдау бөлмелерін және дәрісхана бөлмелерін евро үлгідегі күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылды. Әрбір бөлмеде жиһаздар мен кондиционер қойылған. Мешіттің бөлмелері жапондық үлгідегі еден арқылы жылытылатын кондырғы орнатылған.

Сондай-ақ, жамағаттың көптігіне сәйкес мешіт екі қабатты етіп, қайта  салынды. Сонымен қатар, демеушілердің көмегімен мешіттің жайнамаздары жаңартылды. Оны Түркиядан алдырыпты.

Асыл дініміздің өркендеуі жолында қызмет етіп жүрген мешіт имамына Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу