Әлем мұсылмандары қалай ораза ұстауда?

Соңғы жылдары Рамазан айы Жердің солтүстік жарты шарына үнемі жаз мезгілінде, ал оңтүстік жарты шарына қысқы мезгілде келіп жатқаны белгілі. Осыған орай, ауыз бекіту уақыты да әр елде әрқалай.

Мысалы, биыл ең ұзақ ораза ұстайтындар – Дания мен Гренландияның мұсылмандары болып отыр. Олар 24 сағат тәуліктің 21 сағатында нәр татпайды. Ал оңтүстік жарты шардағы Аргентина мұсылмандары тек 9 жарым сағат қана ораза ұстайды. Биылғы жылы ең қысқа мерзімді оразаны тұтып жатқан осылар.
Ал Ресейдің солтүстік өлкеле-рінде жағдай тіпті де таңғаларлық. Мәселен, Мурманскіде Рамазан айы «ақ түндерімен» әйгілі полярлы күндерге дөп келіп отыр. Яғни, онда түн болмайды. Егер тікесінен қарайтын болсақ, ондағы мұсылмандар мүлдем ауыз аш-пауы тиіс. Бірақ, әрине, ол мүмкін емес. Сондықтан, олар көрші облыстардың уақыты бойынша, яғни тәулігіне 20 сағат ауыз бекітіп жатыр. Бір айта кетер жайт, Рамазан қысқы уақытқа келген-де мурманскілік мұсылмандар тәулігіне тек 2 сағат қана ораза ұстайтын болады екен!
Бұлардан бөлек, ораза ұстау уақыты Мәскеуде 19 сағат, Исландияда 20 сағат 20 минут, Канада мен Голландияда 18 сағат, Сауд Арабиясы, Франция, Англия, Мысыр және Германияда 16 сағат болып отыр.
Ал Аустралия мұсылмандары 10 сағат 30 минут қана ораза ұстайды.

Ескендір Тасболат. «Ислам және Өркениет»

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу