Шардара ауданы: «Мұсылманның қаруы - сабыр мен дұға» (Шымкент, «Бекжан» базарындағы өртке қатысты)

Тамыз айының 3 - ші жұлдызында Астана уақытымен  04  - 45 минут өткенде Шымкент қаласындағы Темірлан трассасының бойындағы Бекжан базарында орын  алған тілсіз жау  өртке байланысты, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінде  қасиетті жұма намазында жиналған жамағатпен бірге аудан имамы Асылхан Данияров бала шаға нәпақасы деп сауда да тіршілік етіп жүрген, азаматтарға бастарына Алла тағаланың сынағы түскен сәтте  оларды «Рамазан сабыр айы» сол себепті қиыншылықты сабырменен жеңуге, Алла тағаладан   дұға тілеуге шақырайық деп дұға жасады. Алла тағала Құрандағы көптеген аяттарда сабырлы болуды дәріптеп, сабырлы құлдарды жақсы коретіндігін, сабырлы жандарды үлкен айтулы сый - сыяпатқа бөлейтіндігін қуана жеткізген. «Алла тағала сабырлыларды жақсы көреді», - деп өз сүйіспеншілігіне артығымен бөленетіндердің сабырлы жандар екендігін білдірсе, бұған қоса  Нахыл сүресінің 96 - аятында «Әрине  сабыр еткендерге істеген істерінен де жақсы сый береміз», - деу арқылы сабырлы жандарға арнайы сый - сыяпаттың әзірленетінін сүйіншілейді. Бұл дүниеде біздің басымызға түскен нәрсенің бәрі - сынақ. Кеңшілік те, таршылық та, баршылық та ауру - сырқауға ұшырау да сынақ.

Алла тағала Қасиетті Құран Кәрімнің бақара сүресінің 153 - 155  аятында бұл жайында «Ей иман келтіргендер, сабыр және намазбен Аллаһтан көмек сұраңдар, өйткені Аллаһ әрине сабыр еткендермен бірге» «Сөзсіз біз сендерді қорқынышпен, аштықпен, мал - мүліктерімізді, өздеріңді, әрі өнімдеріңді кем қылу арқылы сынаймыз», - дейді.

«Алла тағала былай деп бұйырады: “Кімнің денсаулығына, бала - шағасына немесе мал - мүлкіне бақытсыздық келіп, ол адам сабри жәмил көрсетсе, қияметте ол адамнан есеп алуға ұяламын”», -  делінген.

 «Мұсылманның қаруы - сабыр мен дұға» делінген хадисінде айтылған сабыр мен дұға қару ретінде қолдану ол қару - көбінесе қорғаныс құралы. Дұға және сабырмен жаман нәрселердің алды алынатыны сияқты, жақсы нәрселерге де қол жеткізуге болады. Қиналған нәрседен құтылу үшін, рахат ғибадат жасай алу үшін және харамдардан қашу үшін сабыр етіп, дұға ету керек.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бір сағаттық қиындыққа, қайғы мен қасіретке сабыр ету, бір жылдық нәпіл құлшылықтан (артық) абзал»,- делінсе, екінші бір хадисте «Малы қолынан кетпеген, тәніне ауру жетпеген пендеге жақсылық жоқ. Себебі, Алла жақсы көрген құлын қиындықтармен сынайды. Ал пендесі сабыр етушілерден болады», - делінеді.

Имам Раббани хазреті былай дейді: «Адамның күнде басына келетін барлық жағдайлары Алла тағаланың қалауымен және жаратуымен бар болуда. Сондықтан қалауларымызды Оның қалауымен сәйкестендіруіміз қажет. Қарсыласқан әрбір жағдайымызды өзіміз талап етіп, іздеп келген нәрсеміз деп білуіміз керек және бұған қол жеткізгенімізге қуануымыз керек. Нағыз құлшылық осылай болмақ.»

Келген бәле мен қиыншылықтарға сабыр ету - үлкен нығмет болып табылады. Сабыр ете алмаған адам пәлекетке душар болады. Ауру, бәле келгенде бақырып - шақыру пайда бермейді. Керісінше, зиянын тигізеді. Мұның жалғыз шарасы - Алла тағаланың жазғанына разы болу. Сабырлы болмаған адам мақсатына жете алмайды. Адам басына келген пәлекеттерге сабыр ете алмаса әрқашан бақытсыз болады, дұрыс ғибадат жасай алмайды. Кімде кім Аллаһтан қорқып сабыр ететін болса, қиыншылықтардан құтылады. Сабыр еткен мұратына жетеді. Барлық жақсылықтарға сабырмен қол жеткізіледі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) келген хадис шәрифте былай делінеді: «Кімде мына үш нәрсе бар болса, дүние мен ахыреттің қайырына қауышты деген сөз: Тағдырға разылық, бәлеге сабыр, рахаттықта дұға.»

Ал қасиетті Құран Кәрімнің «Әнфал» сүресінің 46 - шы аятында: «Сабыр етіңдер, әлбетте, Алла сабыр етушілермен бірге», - дейді. Мүміннің ісі қандай ғажап! Оның қай ісі болмасын қайырлы. Алайда, бұл мұсылманның ғана маңдайына бұйырған. Ол жақсылыққа тап болса, бірден шүкіршілік етеді. - бұл оған қайырлы. Егер  ол қандай да бір қиындыққа тап болса, дереу сабырлық танытады - бұл оған қайырлы. Алла тағала қасиетті Рамазан айында тілеген барша мұсылмандардың тілеген дұға тілектерін, тұтқан оразаларын, берген зекет, пітір - садақаларын қабыл етіп, Алла тағаланың ең сүйікті шынайы, сабырлы мұсылман құлдарының  қатарынан болуымызды нәсіп етсін. (әмин)

Шардара ауданы Шардара орталық

мешітінің бас имамы                                                                    А. Данияров

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


9 − 5 =