Шардара ауданы: Жарылқаушы айда көп жақсылық жасайық

Қасиетті Рамазан айының екінші он күндігінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің «Жарылқаушы айда көп жақсылық жасайық» деген  үндеуіне қолдау ретінде тамыз айының 04 - ші жұлдызында «Шардара» орталық мешітінде  «Рамазан айындағы садақаның сауабы ұлық» атты қайырымдылық акциясына демеушілік етуімен «Шардара несие» ЖШС төрағасы Исаев Ораз, «Әлихан» сауда дүкен орталығының меңгерушісі Кәрібаев Қайрат, Жомарт сауда дүкен орталығының меңгерушісі Тұрғынбаев Мейірбек, «Ибадулла сауда» орталығының меңгерушісі Таңқыбаев Сәбит, зейнеткер Қойайдаров Қараман қажы, орталық  көк базарда сауда жасаушы Баймаханбетов Бақытжан, Альтаев Нұржаудың есебінен аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ерназаров Қуанышқа 10 қап 1 сорт ұн, 10 дана 5 литрлік «Алтын май», ал  аз қамтамасыз етілген 35 отбасыға 1 қап 1 сорт ұн, 5 литрлік  «Алтын май» таратылды.

Хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с( хадисінде: «Рамазан айында бір жақсы іс қылған адамға Алла тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал парызды орындаған адамға басқа айларда парыздың сауабын жазады», - дейді.

Қасиетті Рамазан айында Алла тағала разылығы үшін дүниелерін сарп етіп демеушілік танытқан жоғарыда есімдері  аталған азаматтардың кәсібіне, өміріне, рызқы- несібесіне, отбасы бала - шағасына амандық жақсылық мол береке берсін.

«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


6 + = 14