Бейбіт Әліпбекұлы: Сауыңда берген садақаның сауабы ұлық

Рамазан айы — Аллаһ тағаланың ерекше ықыласы түскен шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың ең қадірлісі. Бұл айдың қадір — қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Рамазан айы — өзінің Алла тағала дарытқан қасиетіне сәйкес мұсылмандардың мейірімділік пен қайырымдылық танытуда өзара жарысатын және өздері де амалдарына қарай шексіз ұлы Жаратушы иенің мейір — шапағатына бөленетін айы.

Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі — қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал - мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде - кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16 — 18 — аяттар), — дейді. Алла тағала берген мал — мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады.

Бір жақсылық жасаған адамға Алла тағала он жақсылық береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): сахих хадисінде: «Малдарыңды зекет арқылы сақтаңдар. Ауруларыңды садақа берумен емдеңдер»,- дейді. Алла тағала берген мал — мүлік, дүниесін харамға емес, жақсы амалдарға және шариғат үкімдеріне сәйкес жұмсаған абзал. Қайырымды, мейірімді болып, жоқ-жітікке көмек көрсетіп, жәрдем еткенге ақырет сауабы мол. Садақаның сауабы қияметке дейін тоқтамайды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Ақиқат байлық  мал — мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық — кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық — жақсы қасиет» (хадисті Әбу Хүрайрадан (р.а.) имам Мүслім жеткізген),- деген. Садақаның ең маңызды бір тұсы, ол мұқтаждарға бергеніміз үшін үлкен сауаптарға ие болсақ, ақиретіміздің баянды болуы мен қатар садақа мұқтаждардың қуанышына жетелейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) мүбарак хадисінде: «Адамдардың ең абзалы мүміндерді қуанышқа кенелту», — деген

Ислам дінінің құндылықтары мен негізгі мазмұны — біреудің сыртына қарап баға беру емес, керісінше сол адамның бойында адамзатқа тигізетін қандай жақсы құпия, қасиеттері бар екендігін бағалау, міне, бұл да қайырымдылық құндылығына жатады. Алла тағаланың берген дәулетін кімге беріп, қайда жұмсайтындығымызды ерекше атап көрсеткен «Мұхаммед (с.а.с) олар сеннен Алла  жолында не беретіндіктерін сұрайды. Нендей хайыр сарп қылсаңдар, әке — шеше, жақын — туыстар, міскіндер және жолда қалғандар үшін қайырымдылық ретінде не істесеңдер Алла тағала оны біледі»

Адамды қайырымдылыққа үндеу басқа құндылықтардан әлдеқайда жоғары. Жалпы, қайырымдылық кез келген біреудің басына іс түскен кезде сол адамды мүсіркеп немесе оның қайғысына ортақ екендігіңді білдіре салатын өткінші сезім ұғымын білдірмейді. Ол адамзаттың өзара жақсы қарым —  қатынаста болу іс — әрекетін қамтитын адам жанына туа біткен тұрақты қасиет болуға тиісті. Өйткені, қайырымдылық Ислам бойынша адамзаттың өмірдегі негізгі ұстанымының бірі болса игі. Ал, әділеттілік пен ізгілік те қайырымдылық болмыстан бастау алады. «Адам бойындағы саналылық, шынайылық, жауапкершілік сияқты рухани байлық — осы қайырымдылықтың шынайы белгісі». (Бақара сүресі 215 — аят)

Алла тағаланың сауабы шексіз қасиетті Рамазан айында барша мұсылманды  сол сауапқа кенелуін нәсіп етсін.(әмин)

 ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы

Б.Мырзагелдиев.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу