А. Данияров: Қадір түні жайлы не білеміз?

Айлардың сұлтаны Рамазан айында Алла тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір айғағы. Бұл айда Аллаһқа мойынсұнған жұмыр басты пенделеріне сауап жинаудың өте көп мүмкіндіктері берілген. Бұл туралы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өзінің мүбарак хадистерінің бірінде  «Мұсылмандар үшін  бұл айдан қайырлы ай жоқ», — дейді. Міне осы хадисте айтылғандай Рамазан айында шексіз мейірімді Жаратушы Алла тағалаға жасалған игі істердің сауабын еселеп беріп, Өзінің жомарттық сипатын айдай әлемге паш етеді. Айталық, осы Рамазан айындағы бір ғана Қадір түнінің өзі мұсылмандарға жайшылықтағы мың айдан көп сауап сыйлайды. Рамазан айының 26  — нан 27 — не қараған түні, яғни 2012 жылдың тамыз айының 14 — нен 15 — не қараған түн Қадір кеші болады.

Жалпы, мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерлік. Соның ішіндегі ең маңыздысы, әрі бірегейі — қасиетті Рамазан айындағы Қадір кеші. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән — маңыз», «өлшем» деген мағыналарды білдіреді. Сонымен қатар, «құдірет» мағынасын қамтиды.

Қадір кеші — адамзаттың ақ пен қараны айыратын түн және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары көзі бо­лып саналатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн. Қадір кеші жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауа­бы он есе болса, Ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді», — десе, тағы бір хадисінде: «Кім қадір түнін сенімімен, артының қайырлы болатынынан үміт артып өткізсе, оның бұрынғы барлық күнәсі кешіріледі», — деген. Қадір түні Рамазан айының соң­ғы онкүндігінің бірінде өтеді. Ислам ғұламаларының пәтуа­сы бойынша, Қадір кеші рамазан айының 26 — сынан 27 — сіне қа­раған түні деп белгіленген. Осы кеште барлық періштелер жер бетіне ізгі амалдар үшін жіберіледі. Бұл кеш — жасаған әрбір ізгі амалдар мен құлшылықтардың, қайырымды істердің сауабы мың еселеп жазылатын түн. Және де мың айдың сауабын нәсіп етеді. Құранның «Қадір» сүресінде бұл айдың мың айдан қайырлы екендігі кеңінен айтылған.

Сондықтан оның қадір — қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез - келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», — деп баяндайды.

Ал мың ай 83 жыл, 4 айға тең. Бұл бір адамның өмір бойы Алла — тағалаға құлшылық етуімен бара — бар мәселе.  Қа­дір түнінде мұсылмандар топ — топ болып, жамағатпен жер­гі­лік­ті мешіттерде имамдардың уағыздарын тыңдап, көкейле­рінде жүрген сұрақтарына жауап алып, көптеген ізгілікті амалдарды үйреніп, таң сәресіне дейін құлшылықпен өткізгені дұрыс.

Қадір кешін кейбір азаматтардың денсаулығына, тағы бас­қа да жайттарға байланысты өз үйлерінде қарсы алулары­на да болады. Жалпы, бұл — адамзат баласын бірлікке, ба­уырмалдыққа, ата — ананы құрметтеуге, отбасы мүшелерімен жақсы қарым — қатынаста болуға шақыратын рухани кеш. Сондай — ақ, қадір кешінде мынадай орындайтын амалдар бар: Сол күні кешкі ауызашарда дұға — тілек ету, құптан намазында­ 20 ракағат тарауих намазын оқу, Құран, хадис кітаптарын оқу немесе пайғамбарымыздың (с.а.с) өмір тарихын оқу, Қадір кешінде таң атқанға дейін төрт рәкағат нәпіл намазы оқылады. Осы намазды оқып болған соң Алла — тағаладан кең байтақ еліміз Қазақстанның тыныштығын, барша адамзатқа, өзімізге, отбасымызға амандық, ризық несібе тілеп, бұл дүниенің және ахыреттің  барша жамандығынан аман болу­ды тілеу қажет.

Тәспі тарту Қадір кешінде түнгі сағат 2 мен 5 аралығын­да «Таһажуд», «Қажет» намаздарын оқуға болады. Бұл намаз­дар 4 ракағат  етіп оқылады. Қадір кешін мүмкіндігі бол­ғанша ұйқысыз өткізу қажет. Алайда бұл ұйықтап қалған­ жағдайда­ күнә саналмайды. Қадыр кешінде ұйықтамау керек екен деп уақытты құмар ойындарын ойнап немесе жағымсыз фильмдер көріп, бос өткізу күнә болып саналады.­ Осындай мүбарак кеште ата — ананы, алыс — жақын ағайын бауыр­ларды, дос — жарандарды құттықтап, арнайы сый — сия­пат бе­ріп, көңілдерін көтеру ең жақсы амалдардың қатарына жатады.

Пайғамбарымыз: «Кімде - кім Қадір түнін иманымен және сауап үмітімен өткізсе, оның күнәлары ғапу болады», — деп айтқан. Бұл түні Алла —  тағаланың әмірімен барлық пе­ріштелер жер бетіне Алла — тағаланың рахметін жеткізу үшін жіберіледі. Демек, Қадір кешінде істелген құлшылық мың айдан да жақсырақ. «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, әрі Қадыр түнін шын имам және сауап үмітімен өткізсе, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі» Хадисті Әбә Һурайрадан (р.а.) Имам Насаи риуаят етті.

Сахабалардың бір тобына түстерінде Қадыр түні көрсетіліп, ол Рамазан айының соңғы жеті түннің бірінде болатыны аят етілгеннен кейін Расулуллаһ (с.а.с.): Мен сендердің көргендерің Рамазан айының соңғы жеті түнінде ұштасатынын көріп тұрмын. Сондықтан, Қадыр түнін іздеген адам, оны Рамазан айының соңғы жеті күнінен іздесін»,- деп айтты.» Хадисті Ибн Омардан (р.а.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.

Расулуллаһ (с.а.с.) Рамазанның соңғы он күндігінде мешітте өткізіп: «Қадыр түнін Рамазан айының соңғы күндігінен іздеңдер»,-деп айтатын. Хадисті Айша анамыздан (р.а.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.

«Расулуллаһ (с.а.с.) айлардың ішінде Рамазан айында, әрі Рамазан айының соңғы он күндігінде құлшылыққа ерекше ыждағаттылық білдіретін.» Хадисті Айша (р.а) анамыздан Имам Муслим риуаят етті.

Қадір түнінің нақты белгіленген уақыты жөнінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер болған, алайда олардың барлығы Қадір түнінің Рамазанның соңғы он түндерінің бірінде екендігінде бір ауыздан келіскен. Ол туралы пайғамбарымыз (с.а.с) былай деп хабарлаған «Қадір түнін Рамазанның соңғы он тақ  түндерінің бірінде күтіңдер»

Имам Әбу Иса әт -Тирмизи «Қадір түні жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма жетінші және Рамазанның соңғы түніне сай келіп жүрген пайғамбардын (с.а.с) жеткен»

Қадір түнінің белгілері жайында Убада ибн Самиттен Аллаһтың Елшісі пайғамбарымыз (с.а.с) Қадір түнінің белгілері туралы былай деп айтқаны жеткен: «Қадір түнінің белгісі оның таза әрі жарық, ал айдың ол түні бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Бұл түні таң атпайынша жұлдыздардың лақтырылуына руһқа берілмейді. Оның тағы белгісі таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді».

Бірақ  Рамазанның соңғы он түндерінде Алла тағалаға ықыласпен және дұрыс құлшылық еткен әрбір мұсылман Қадір түні жасалған құлшылық үшін уаде әріетілген ұлы сыйын алады, тіпті егер ол оның дәл қай түні өтіп кеткенін білмей қалған болса да.

Алла тағала баршамыздың тұтқан ораза, 5 — уақыт намаз және  тарауих намаздарымызды Қадір түнінде өткізілетін әр — бір  құлшылықтарымызды, Жаратушы иеден  тілеген барша дұға — тілектерімізді  қабыл етсін. (әмин)

 Шардара ауданы

«Шардара» орталық мешітінің бас имамы

А. Данияров. 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    ораза қабыл болсын муслман ағайын


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    құранды қалай оқып үйренуге болады

Пікір жазу