«Тұрсынай ана» мешіті

Мақтарал ауданы Ш.Ділдабеков ауылдық округі Сырабат елдімекенінде орналасқан. «Тұрсынай ана» мешіті 2007 жылы 24 ашылған, Мешіт орналасқан жердің көлемі 50 сотық. Мешіттің ауласы әшекейлі темір қоршаумен қоршалған. Мешіт ауласының алдынғы жағында 20 автокөлікке арналған автотұрақ бар. Мешіттің ауласы көгалдандырылып әр түрлі гүлдер менағаштар 60 түп шырша, 60 түп тал, 250 түп роза 80 түп изгрит, 20 түп ағаш және газон егілген. Мешітке келушілер үшін барлық жағдайлар жасалған. Мешіттің алдында құдық пен дәретхана орналасқан. Арнайы өрт сөндіргіш құрал-жабдықтары мен имандылық да айнасы қарастырылған. Имандылық айнасында мұсылмандар үшін әр түрлі газет журналдар мен кітаптар қойған. Мешітті Тұрсынай апаның ұрпақтары 2008 жылы салдырған. Мешіттің қабырғалары күйдірілген кірпіштермен қаланған. Едендерінде мрамор төселген 4 есік пен 6 терезе орнатылған. Мешіттің төбесіндегі 4 мұнарасы күмбезделген. Екі бірі арнайы имам үшін, екіншісі намаз оқуға арналған бөлмелері бар. Бөлмелері арнайы жабдықталған. Барлық жабдықтар жаңа үлгімен әсем көркемделген. Жылу жүйесі электр тогы арқылы жылытылады. Мешіттің ішіне шамамен 200 адам, ауласында 300 адам жалпы 500 адам сияды. Мешітте діни сауттылық ашу курсында 15 – 20 бала сабақ алады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: 

Пікір жазу