Қазығұрт ауданы: Бүлдіршіндер сүннеттелді

Шымкент қаласы, Қазығұрт мөлтек ауданы «Қождан ата Жейней» мешітінде сүннетке отырғызу рәсімі өткізілді.

Оны аталмыш мешіттің бас есепшісі әрі мешіт жанындағы ақылдастар алқасының мүшесі Тұрсынәлі қажы  Кемелбеков ағамыздың ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл іс шара жыл сайын өткізіліп келеді.

Іс шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, осынау іс шараның маңыздылығы мен сауапты амал екендігіне тоқталды.

Бұл шараның бір өзгешелігі, Дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің жалпы ел халқына арнаған Үндеуіне кәсіпкерлер бірге  Шымкент қаласына 6 емхананың дәрігері Мұрат Сексенбаевтың  бастамасымен жеңілдетілге бағада 50 бүлдіршінді сүннеттеді.

Ал жағдайы төмен отбасыларға Алла ризалығы үшін тегін жасалды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу