Бәйдібек ауданы: Имамдар білімі сыналды

Жуырда Бәйдібек аудандық «Нақыпбекұлы Әуен» мешітінде аудан имамдары арасында құран оқудан байқау өтті. Байқауға облыс имамының орынбасары Бекайдар қажы Қымбатов арнайы қатысып, жарыстың ережесіне байланысты имамдардың бірнеше құран аяттары мен сүрелерінің жатқа айтуына мән беріп, арабша білімін тексеріп, лайықты бағасын беріп отырды.

Қатысушылардың арасында облыстық мешіт-медреселерде арнайы оқып келген жастар да, пәленбай жыл молдалық қызмет атқарып жүрген қариялар да бар. Жиынның негізгі мақсаты – имамдардың білімін жетілдіріп, бір-бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасау, діни сауатын ашу, біліктілігін көтеру болып табылады.

Байқаудың нәтижесі бойынша аудандық «Нақыпбекұлы Әуен» мешітінің наиб имамы Еркебұлан Пірімқұлов үздік деп танылып, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қаттани» мешітінде өтетін облыс имамдары арасындағы жарысқа жолдама алды. Жарыс соңы жиналысқа ұласып, онда діни мәселелер жайлы сөз қозғалып, облыс имамының орынбасары Б.Қымбатов пен аудан имамы А.Оспанов имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Б.БАЛТАЕВ.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу