Шардара ауданы: Имам – молдалар бәсекеге түсіп бағын сынады.

 Тамыз айының 12 - ші жұлдызында «Шардара» орталық мешітінде ҚМДБ - ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің тапсырмасына орай Шардара ауданы бойынша имам - молдалардың арасында Қасиетті Құрани Кәрімнің 30 - парасын мәнерлеп, жүзінен оқудан сынға түсті. Құран жарысына комиссия мүшесінің төрағасы аудан имамы Асылхан Данияров, төраға орынбасары Абдулахадұлы Абдулхафиз,  Исламхан Бейбітжан  қарилар төрелік етті.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадисінде: «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені, рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әр әрпі үшін Хақ тағала жәннат бақшаларынан бір бақша береді». Имам - молдалар  арасында өзіндік білімін жетілдіру  мақсатында 1  - парадан,  жарты - парадан, ақырғы 10 - сүреден жарысқа түсіп,  бағын сынап, қасиетті Рамазан айында ілімге деген пайдасы мол, ізденіске жол көрсететін  бір үлкен серпіліс болды.  «Рамазан айының күндізі мен түнінде Құран Кәрімнен бір аят оқыған адамға әр әрпі үшін бір шәйіт сауабы беріледі».

Жарыс соңында имам  - молдалардың Құран Кәрімді мәнерлеп оқығандарын таразыға сала отырып, қазылардың қорытынды шешімі бойынша додаға түсіп бағы шапқан, Алатау батыр ауыл округі мешітінің  бас молдасы Қуатбеков Жомарт 30 - шы парадан  «Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін мәнерлеп тәжуидпен жатқа оқудан, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Абдул Хамит   Қаттани мешітінде Облыстық деңгейде өтетін аудан аралық жарысқа жолдаманы жеңіп алды.

 Алла тағала  Қасиетті Рамазан айында барша мұсылманның  ұстаған оразасын, намазда алақан жайып Жаратушы Хақ Субханаһу уа тағаладан  тілеген барша дұға тілектерін, күнделікті тарауих намазында қарилардың қатысуымен оқылып жатқан хатым  Құранымызды Алла тағала қабыл етсін.

  Қасиетті Рамазан айында осындай тамаша сауабы мол іс -  шараны өткізуге ортаға ой салып,  ұйымдастырушы  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевке жалпы Алла жолында қызмет етуші имам -  молдалар атынан Алла тағала сізден разы болсын деп жылы лебізімізді білдіргіміз келеді.  Алла тағала елімізге тыныштық, халқымызға амандық, ер береке -  бірлік,  ынтымақ нәсіп етіп санаулы күндегі қасиетті Рамазан айының «Ораза» айтына аман  - есен жеткізгей. (Әмин).

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Құранның жүзінен оқудан Жаушықұмнын имамы да жаксы едігой

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


9 − 5 =