Төлеби ауданы: Төлебиде өткен Қадір түні

Биылғы жыл Қадір түні Төлеби ауданының орталық «Нұр» мешітінде жоғары деңгейде атап өтілді. Бұлай айтуымыздың бірден-бір себебі, мешітке жиналған жамағатқа арнайы ауызашар үшін үлкен дастархан жайылды. Сондай-ақ слайд қойылып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге сыйлық ретінде кітаптар тарту етілді. Сонымен бірге жамағаттың қойған сұрақтарына жауап беріліп, мешіт имамдарының уағыз-насихаттары халықтың көңілінен шығып жатты. Бас имам Қадір түні жайлы жамағатқа кеңінен мәлімет беріп, аят-хадистерге тоқталды.

Таң атқанға дейінгі уақытты Аллаһқа құлшылықпен өткізуге ден қойған жамағат Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Сәресі ішіңдер. Сәресіде береке бар» деген хадисін орындап, келесі жылы да дәл осындай түнде бас қосайық деген ізгі ниетпен тарасты.

Төлеби аудандық «Нұр» мешіті     

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу