Сарыағаш ауданы: Орталық мешітте 14 тамыз қадір түнінде имамдар арасында уағыз жарысы болды

ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретіміздің бізге сеніп тапсырған тапсырмасымен қадір түнінде өткізілген іс шарамызды ауданымыздың бас  имамы Сулейманов Орынбасар ұйымдастырды. Осы кешке ауданымыздан төрт мешіттің имамдары қатысты. Ауданымыздың демеуші азаматтары  Қадір түніне 150.000  теңге берді

Қатысқан имамдарға  Сарыағаш ауданының бас  имамы басшылық жасады.

Имамдарға уағыз айтқанда қойылған талаптар.

1.Құран, хадис, сахих риуаяттар болу.

2.Уағыз айтқанда дөрекі мінез, қопал сөз болмау.

3. Халықты өзіне қарата алу, жеткізе білу.

4. Өзінің ұстамдылығы.

  Құркелес ауылы «Құркелес » мешітінің имамы Ниязов Ділмұрат  құлшылық  жөнінде уағыз айтып  халыққа өте әсерлі мәнді  етіп Аллаһ таьланың кәламы  Құран аятымен,  пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с  өсиетімен және Абай Құнанбаев бабамыздың өлеңімен мәнерлі етіп келтірді .

Көктерек ауылы  «Иса ата» мешітінің имамы Муратов Омарали «Аср» сүресін кеңінен тәпсірлеп берді.

Сарыағаш қаласы  «Аманжол ата» мешітінің имамы Усенов Ғабит ата-ана жөнінде уағыз насихат айтып   аят хадистермен келтіріп халыққа жеткізді.

  Сарыағаш қаласы  «Қапланбек» мешітінің имамы Ибрагимов Бақтияр Қадір түніне келген  жамағатқа  уағыз насихат айтты.

Келесі жылы Қадір түніне уағыз насихатты бұданда жоғары дәрежеде дайындалып келіп айтсын деп 150.000 теңгені қатысқан имамдарға уағыз насихат айтқаны үшін    37.500  теңгеден  бөліп берілді.

Қадір түніне үлес қосқан азаматтарымызға Аллаһ разы болсын.  Аллаһ таьла келесі жылы  Қадір түніне осындай іс шараны кеңінен өткізуді нәсіп етсін.  Амин.

 Сарыағаш орталық мешіті  14 тамыз 2012 ж.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу