«Сәләфия» шырғалаңы — дін келешегіне төнген қауіп

Қазіргі таңда қазақ жұр-тына мәзһаб мойындамайтын сәләфиттер деп аталатын ағым бар. Олар бұрынғы Ислам ғұла-малары талқыға салып, ара жігін айқындап қойған көптеген діни қағидаларды бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналдырып, діни сауаты төмен, қарапайым халықтың басын қатырып жүр. Олар өздерін «сәләфтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» дейді. Жалпы, сәләфтар дегеніміз кімдер? Өздерін сәләфиттерміз деп жүргендер шынымен сәләфтар ма?

«Сәләфия» сөзі «реформа», «жаңалану» деген сөздермен синоним ретінде қолданылып кеткен термин. Әрі бұл сөз Ислам дінінің алғашқы ғасырларында өмір сүрген ғұламалардың көзқарастарын білдіреді.

Соңғы кезде «сәләфия» атауы Жамал ад-Дин әл-Ауғаний (1839-1897) мен Мұхаммед Әдбу (1849-1905) негізін қалаған қозғалысқа таңылып, айтылып жүр. Бұл ағым негізін салушылардың негізгі мақсаты — дінді бұрын-ғылардың түсінігі бойынша тіктеу, мұсылмандардың рухани, мәдени және саяси ұстаным-дарын реформалау, батыс отар-лаушыларына мәдени сіңіп кетуге қарсы тұру еді.

1930-шы жылдары араб мем-лекеттерінде отарлаушыларға қарсы көтерілген халықтың басында осы қозғалыс өкілдері жүрді. Мысалы, Алжирде ибн Бадис француздардың өктем саясатына қарсы бел буып, Алжир ғұламалар ұйымын құ-рып, тәуелсіздік үшін күресте негізгі орынды иеленді.

Кейін сәләфия қозғалысы мұ-сылман әлемінің бәріне дерлік еркін тарап, түрлі мемлекеттерде түрлі бағыттарда бой көрсете бастады.

«Сәләф» сөзі «бұрынғылар» деген мағынаны да білдіреді. Ислам дінінің алғашқы  үш ғасырына жататын ғұламалар тобы «сәләфтар» деп аталған. Олар — ең әуелі, пайғамбары-мызды (с.ғ.с.) көзі көрген сахабалар, сахабаларды көзі көр-ген табиғиндер, табиғиндерді көзі көрген атбағут-табиғиндер. Ибн Хиббанның (р.а.) «сахих» жинағында риуаят етілген ха-дис-шәріпте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдардың ең жақсы-сы — менің замандастарым. Мұнан кейін олардың соңында-ғылар, сонан соң олардан кейін келгендер», — деп айтқан», — де-лінген. Бұл хадисте Ислам діні даму сатысының ең биік шыңына жеткен үш ғасырға сілтеме бар.

Сахабалар — осы үш дәуір-дегі ұрпақтың алғашқылары. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелерін кейінгі ұрпаққа қаз-қалпында жеткізген осылар. Алғашқы кездерде Ислам діні туралы білгісі келген адам оның (с.ғ.с.) көзін көрген сахабалардан сұрап білетін. Сахабаларды көрген табиғиндер, өз кезегінде табаға-табиғиндерге ұстаздық етті. Хадис-шәріп бойынша, ең жақсы, қайырлы дәуір (хойрул қурун) деп аталып өткен осы үш ғасыр ішінде өмір сүрген ғұламалардың діни наным-сенімдері, шариғи шешімдері мен ұстанымдары ең сенімді білім көзі болып саналады, әрі қай заманда болмасын олармен санасу керек.

Төрт мәзһабтың жетекші имамдары — имам Әбу Ханифа (80-150 һ.ж), имам Мәлік (94-179 һ.ж), имам Шафиғи (150-204 һ.ж) және имам Ахмад ибн Ханбал (164-241 һ.ж) (р.а.) Ислам дінінің алғашқы дәуірлерінде өмір сүрген. Сондықтан, төртеуін де «сәләф» имамдар дейміз. Содан бері бұл төрт мәзһаб пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пен оның саңлақ сахабаларының ұстанымдарына негізделгендіктен, олар «әһлі әс-сүнна уәл-жамағат» жолы деп танылған.

Елімізге Ислам діні келге-ніне мың екі жүз елу жылдай болыпты. Қазақ елі иманға бет бұрғаннан бастап мұсыл-маншылықты ханафи мәзһабы негізінде таныған, ғибадат, құлшылықтарын осы ханафи мәзһабымен атқарған, шариғат үкімдерін де осы мәзһабпен талқылап келген, яғни он екі ғасырдан бері біздің ел ханафи мәзһабын ұстанып келеді. Сондықтан, болса керек, еліміз мұсылмандары үшін ханафи мәзһабы — Ислам дінінің негізгі қайнар көзі. Өйткені, өзге үш мәзһаб секілді біздің мәзһабымыз да Құран мен сүннетке негізделген. Мәзһаб — Құран мен сүннеттердегі үкімдерден туындайтын жол. Мәзһабтың мақсаты — мұсылман баласына Құран және хадисті дұрыс түсіндіру. Бұл төрт мәзһабтағы айырмашылықтар — тек абзал және дұрыс деген сөзде ғана. Яғни, өзіміздің имам Ағзам мәзһабымыздағы діни шешімді абзал санаймыз, ал қалған үш мәзһабтағы үкім-дерді дұрыс деп білеміз.

Әрбір ұлт осы төрт мәзһабтың біріне жұмылу, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы арқасында Ислам әлемі ғасырлар бойы өзара ынтымақ-бірлікте ғұмыр кешіп келеді. Жаңадан бір ағым пайда бола қалса, ғұламалар халықты одан сақтандырып, төрт мәзһабтың бірін ғана ұстауға халықты уағыздап келген. Құран түскелі 14 ғасырдан бері нендей үлкен мұсылман ғұламалары өтсе дағы, бәрі де бір мәзһабтың өкілі болды.

Әсіресе, қазіргі біздің за-манда мәзһаб аса маңызды, өте қажет. Алмағайып шақта мәз-һабішілік, мәзһабаралық ауыз-біршілік ауадай қымбат. Ал, алауыздыққа жол берсек, арам пиғылды жымысқы ағымдарға «оңай олжа» боларымыз анық. Осы жағдайды арыдан ойлаған көреген дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің  «бір  дін, бір мәзһаб» деген жанай-қайына бей-жай қарамасақ еді.

Еліміздегі «сәләф» сөзін жекешелеп алғандар сәләф имам-дарды, мәзһаб жетекшілерін әрі басқа да алғашқы үш ғасырда өткен ғұламаларды құрметтей-міз, солардың жолымен жүреміз деп жатса да, «не үшін осы мәзһаб имамдарының бірінің жолын дұрыстап ұстанбайды?» деген сұрақ жамағат түгілі, өзімді де көп мазалайды.

Имам Шафиғидің: «Егер хадис сахих  болса, сол менің    мәзһабым»,   «Менің   сөзіме  қайшы  келген хадистің сахих-тығы  мәлім болса, хадиске амал қылыңдар да, менің сөзімді тастаңдар», — деген сөзі бар. Мұны мәзһаб ұстанғысы келмей-тіндер жиі қолданады. Мұндай мағыналы сөзді имамдардың төртеуі де айтқан. Дегенмен, сәләфиттер бұл сөздің мағынасын, қандай жағдайға байланысты айтылғанын түсінбейді де, мәзһаб жетекшілерінің осы сөздерімен жалпы мәзһаб ұстануды түкке тұрғысыз етуге тырысады.

Мұны мәзһаб ұстанған мәшһүр, мүжтаһид ғұлама имам Нәуәуи (631 һ.ж туған) (р.а.): «Бұл Имам Шафиғи немесе Әбу Ханифа солай дегенін естіп, бір сахих хадисті оқи сала, имам Шафиғидің немесе имам Әбу Ханифаның ғылыми тұжырымын, пәтуасын тастап, мәзһабын қажетсіз етіп, сахих хадиске амал қыла бер дегенді білдірмейді», — деп түсіндіреді.

Әуелі, бұл сөз қарапайым діни сауаты төмен адамдарға емес, білім сатысында үлкен дәрежелерді бағындырған ғұламаларға, ижтихад қылуға дәрежесі жеткен мүжтаһид ғалымдарға қатысты айтылғанын білуіміз тиіс. Бірақ, ғалым үшін де мәзһаб имамының пәтуасына, шешіміне амал етпей, хадиске амал ету үшін бір шарт бар. Бұл шарт — имам Шафиғи немесе имам Әбу Ханифа дәл сол хадисті немесе хадистің сахихтығын білмегендігіне көз жеткізуі, соған кәміл сенімді болуы керек. Ол үшін имам Шафиғи мен имам Әбу Ханифаның барлық кітаптарын оқып шығуы тиіс. Тіпті ол имамдардың шәкірттерінің кітаптарымен де танысуы қажет. Көріп тұрғаныңыздай, бұл бір қиын, мүшкіл шарт. Бұл шартқа екінің бірі жауап бере алмайтыны айдан анық.

Мұның шарт болуының себебі, төрт мәзһабтың жетекші имамдары өзі көзімен көрген, білген көп хадистерді оқи сала, оған амал жасап кете бермеген. Әрі анық-қанығына жеткен, сахих екені расталған кейбір хадистерді қабылдамауға мәжбүр де болған. Өйткені, ол бір-біріне қайшы келетін екі хадисті амалға асыру немесе амалға асырмау ерекшеліктерін дәлелдермен анықтаған («Иғлаус-Сунан» кітабы, 2-том, 225-бет).

Шайх Әбу Әмір: «Тіпті, кез келген терең білімді тәжірибелі ғалымға да хадистен өзі шығарып алған үкімге амал етіп кете беруге рұқсат берілмейді», — деп жазады («Иғлаус-Сунан» кітабы, 2-том, 225-бет).

Шайх Юсуф ибн Исмайл Набханий былай дейді: «Бұл сөз, тек имамдардың жолын ұстанған қасындағы өз шәкірттеріне (оның мәзһабын ұстанушыларға) қатысты айтылған. Олар діни білімді толық игерген құрметті имамдар. Өз мәзһабтарының ең күшті ғалымдары. Осы мәшһүр имамдардан кейінгі кезекте бұл сөз ғұламалардың жоғарғы тобына қатысты бола алады. Әрине, олардың баршасы пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жет-кен хадистерді толық жаттап алған хадистің хафиздары болса, барлық мәзһабтардың дәлел-дерін толық білсе ғана.

Мәзһаб имамдарының «Егер хадис сахих болса, сол менің мәзһабым» деген сөздері, міне, осындай ғалым адамдарға қатысты айтылған. Мұндай үлкен ғұламалар мәзһаб имамы қолданған хадис пен одан кейін анықталған басқа хадисті салыстыра алған. Тек осындай ғұламалар ғана қай хадистің сахихтау, күштілеу екенін, кейін келген қай хадис әуелгісін мансұқ ете алатынын анықтай білген. Көрініп тұрғанындай, бұл сөз Құран мен сүннетті жатқа білген, ғылымын игерген ғалымдардың ішіндегі терең қабілетімен ерекшеленетін, мәселелерді анық түсінетін ғалымдарға ғана тиісті».

Демек, жоғарыдағы әңгімелер мүжтаһид ғалымдардың, жоғары білімі бар ғұламалар арасында ғана айтылып, қолданылатын сөз. Ал, бүгінгі сәләфиттердің бұл әңгімелерді енді ғана намаз оқып, ораза ұстауды игере бастағандарға айтып, бастарын қатырып, оларды өз ағымдарына тартып, дінбұзар болып жүргені өкінішті.

Әрбір мәзһаб жетекшісі — мүжтаһид ғалым. Олар Құран мен сүннеттен жан-жақты ізденіп, қажетті үкімдер алу арқылы күнделікті құлшылық әрекетіміздің Ислам шариғатына сай болуын қамтамасыз ететін аса құнды ғылым, үлкен мұра қалдырды. Олардың зерттеу нәтижелерінен пайда болған пәтуаларды пайдаланушыны муқаллид, тақлид етуші дейді. Муқаллид мүжтаһид дәрежесіне жетпеген кісі. Біздер баршамыз муқаллид болып саналамыз. Сәләфисымақтар муқаллид сөзін «соқыр ілесуші» деп түсіндіріп жүр. Бұл жаңсақ  пікір.  Муқаллид болу үшін де білім қажет. Муқаллидтің еншісіндегі дүние — мүжтаһид ғұламаның пәтуасымен жүру. Қолыңнан келсе, мүжтаһид бол.

«Сәләфия» сөзін жекешелеп алғандар өздеріне пір тұтатын һижраның 661 жылы дүниеге келген ибн Тәймийя мен 691 жылы туған ибн Қайюм (мұны сәләфилер ашық айтпаса да, екі сөзінің бірінде сол имамдарды ауызға алады) имам Ағзам Әбу Ханифадан (р.а.) алты жүз жыл кейін өмір сүрген ғалымдар.  Яғни, оларды шын сәләфтар дәуірінен алты ғасырлық қашықтық ажыратып тұр.

Сөйте тұра, қазіргі сәләфит-тер «сәләф ас-салих» болып табылатын төрт мәзһабқа да тоңмойындық танытады. Тәкаппарлық дертіне шалдыққан олар төрт мәзһабтың жетекші имамдарының «қателіктерін» тауып, түзеп қойғандай. Сонда мың жылдан астам уақыттан бергі мәзһаб ұстанып өткендер қателесіп жүргені ме? Төрт мәзһабтың жетекші имамда-рының қателіктерін осы 12 ғасырдың ішінде ешкім көрмей, білмей қалған ба? Бұл ақылға қонбайтын дүние емес пе? Мұны «Атың шықпаса, жер өрте» дегеннен басқаға жорымаймыз.

Еліміздегі мұсылмандардың ұйымшылдығы, ауызбіршілігі үшін қандай да бір діни мәселеде бас-басына би болу емес, жүгінетін орын — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және діни басқарманың жер-гілікті жердегі өкілетті имам-дары. Сондықтан, ешқандай да сәләфизмге және басқа діни «измдерге» Қазақстанда қажеттілік жоқ.

Қазір елімізде Алланың рақымы төгіліп, Елбасымыздың көреген саясатымен халық ынтымағы айрандай ұйып, ықылас, ниеті түзу заман орнап тұр. Сол арқылы Ислам діні Қазақстанда қарқынды даму үстінде. Мешітке келушілер мен намазға жығылушылар саны артуда. Алайда, жайнамазға табандары жаңадан тие бастаған сол бауырларымыз діни білімі шамалы болғандығына қарамай, бейәдеп әрекеттер көрсетіп жатады. Ондай қылықтардың көбін білместіктен деп санаймыз. Қазақстанның тәуелсіздігі баянды, ынтымағы жарасқан іргелі ел болуы — діні Ислам, мұсылман жұртымыздың ортақ мақсаты. Ал, осы елді ел қылатын, ырыс әкелетін, ынтымағымызды ұйытатын бірлікке керағар әрекет жасау — тым шектен шығушы-лық, әрі кешірілмес күнә.

Бақтыбай ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ,

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы,

Астана қаласы.

«Ислам және өркениет», №2, 11-20 қаңтар, 2011 ж.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: ,
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Assalamu aleikum.men winina kelsem miym awydy


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Қазір бәрінің жаттап алғаны неге Матуруди ақидасын ұстанасыз неге АбуХанифаның ақидасын ұстанбайды деп адамдар арасына күдік тастайды. Осыны айтатындар Матуруди ақидасымен АбуХанифа ақидасын оқып зерттеп алсында, айырмашылығы болса дәлелдеп берсін. Тіпті Матуруди ақидасын білместен сөйлейтіндері мынадан белгілі. Аллах барлық жерде деп айтады дейді. Ал Матуруди ақидасында Аллаға мекен жоқ дейміз. Арасы жермен көктей. Одан соң Абу Ханифаның Әл-Уасия деген шәкірттеріне қалдырған осы сайттағы өсиеттерін оқысын. Әл-Уасиядан үзінді:
    Біз Алла тағала мұқтажсыз түрде, мекен тұтпай аршыға истиуа етті деп сененміз. Әрі ол аршының қорғаушысы, аршыдан бөлек, оған мұқтаж емес. Егер ол мұқтаж болғанда, құдды басқа жаратылғандар сияқты әлемді жоқтан бар етуге және оны жүргізіп отыруға шамасы жетпейтін еді. Сондай-ақ, ол аршыға отыруға, орналасуға мұқтаж болғанда, аршыны жаратпай тұрып Алла қайда еді? Алла тағала мұндай кемшілік атаулыдан пәк.
    Ал Сәләфилер сендер болсаңдар Аллах аршыға орнықты, көтерілді дейсіңдер мекен таңасыңдар. Аяттың үнемі сыртқы мағынасын аласыңдар.
    Аллах Тағала бәрімізді тура жолынан тайдырмасын. Әмин!


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Ассаламу алайкум.
    Мен откенде бир имаммен сойлестим, мазхаб деп айтады. Жаксы, сол салафитпин дегендердин бары мазхабты мойындайды. Енди имамдардан фикх маселеси болса Абу Ханифа дейди да, ал акида ягни сеним маселеси келсе баска адамга жугинеди. Неге олай болуы керек? Баримиз билемиз Абу Ханифанын Фикхул Акбар китабын осы китап акида маселесин камтиды, неге осы китаппен халыкка акиданы жеткизбейсиздер. Мазхаб деп карапайым мусылмандарды тек фикх маселесине алып келип коясыздар да ен манызды журек амалы ягни дурыс акиданы Абу Ханифанын акидасын халыкка айтпайсыздар. Егер де осы маселе шешилсе, еш кандай анау салафит, анау толенше деген создер калмас еди.


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

      Ассаламу алейкум!
      Мазхаб суннеттин тусиндирмеси гой. Ойткени фикх китабын ашсаныз, ондагы барлык маселеге патуа жаза келе Куран немесе хадистен негиз айтады. Торт мазхабтын ешбири Куран, хадис, ижмаъ жане киясты аттап, оз бетинше дин маселесинде патуа айтпайды. Акида да сондай устаным. Куран, суннет жане сахабалардын создери. Ахли сунна акидада Матуриди жане Ашгари болып келеди. Әбу Мансур Матуриди Фикһул Акбар енбегин окыган галым. Акида мектебин калыптастырып, жуйелеген гулама. Сондыктан аталган мектеп бойынша китап окимыз деген магынада акида маселесинде Матуридиди устаймын деуге болады. Матуриди дей отырып: Фикһул Акбарды, Тахауиди (дурыс шархын) жане баска енбектерди окимыз.
      Мусылман бауырлар баримиз Исламнын бирлик туынын астында кызмет етейик.


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Ассаламу алейкум! Менің мынадай сұрағым бар еді, Имам Абу ханифаның мазхабын ұстану керек дейсіздер, ал неге сол кісінің ақидасын емес, қаншама ғасыр кейін өмір сүрген Матуриди ақидасын ұстану керек?


  5. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Сәләфилардың ең басты «дәлелі».

    Оларға: Аллаһ бізді Құранда сәләфи деп емес мұсылман деп атаған десең, бірден: «мұсылмандар қазір көп топқа бөлініп кетті, сондықтан өзіңнің тура жолда екеніңді көрсеткің келсе мен сәләфимін де» дейді.

    Қазір салафилер:

    1) мадхалиттер
    2) тәкфиристтер
    3) жихадшылар (бұлар ана өз халқын басқыншы жаудан коргап журген ауган, шешен, ирак мусылмандары емес, булар соғысқа қатысы жоқ айел балаларды жарып журген адамдар)

    бөлінген. Осылардың әрқайсысы өздерін сәләфиміз дейді. Біз сұраймыз олардан: «сәләфилердің өздері сан сектаға бөлініп кетті енді өзіміздің тура жолдан екенімізді көрсету ушін қалай атайык өзімізді; мадхалитпыз дейік пе, әлде такфиристпіз дейік пе алде жихадшымыз дейік пе?»

Пікір жазу