Шардара ауданы: Қадір түніндегі сауабы мол қайырымдылық және құлшылық

Тамыздың 14 — ші жұлдызында үнемі  сауапты істің маңынан табылатын жеке кәсіпкер Шардара ауданы бойынша қажылар қауымдастығының төрағасы Өзденбаев Дәулет қажы өзінің меншігі Шардара қаласындағы «Мариям ана» сауда дүкен орталығының жанында орналасқан  кішігірім көк — өніс базарының ашылу салтанатында, қасиетті Рамазан айының «Қадір» түнінің қарсаңында мүмкіндігі шектеулі 65 адамға, және аз қамтамасыз етілген 35 адамға өз демеушілігімен әр адам басына 4000 мың теңгеден 400000 теңгені сарп етіп, қайырымдылық жасап өнегелі тірлік жасады.

Халқымызда «Садақаны сауыңда бер», - деген әдемі нақыл сөз бар. Деніңіз сау, басыңыз аман, дүниеңіз толы кезде Алла тағаланы еске алып, кембағал кедейлерге, жоқ — жітікке, жетім — жесірге садақа берсеңіз дүниеңіз артар, берекеңіз толар, ақиретте жүзіңіз жарық, иманыңыз толық болар. Сонымен қатар Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің бастығы Мошқалов Бейбіт аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ерназаров Қуаныш мырзамен бірге мүмкіндігі шектеулі 7 отбасын арнайы зиярат етіп, оларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, 1 қап 1 сорт ұн,  5 литрлік «Алтын май» ақ майдан таратты. «Шардара» орталық мешітінің ұжымы да қайырымды азаматтар есебінен  қосымша екінші кезекте тағы да аз қамтамасыз етілген  10 отбасыға 1 қап 1 сорт ұн, 5 литірлік «Арай» ақ майын,   Көксу ауылы «Салықбай ата» мешітінің молдасы Досқараев Абдінасыр демеуші есебінен аз қамтамасыз етілген 5 отбасына 5 қап 1 сорт ұн,20 кг күріш, 5 литрлік «Арай» ақ май таратты. Дана халықта «Тарығып жеген талқанның дәмі таңдайдан қырық жыл кетпейді», — деген нақыл сөз бар.

Осы күннің жалғасы кешкілік Ақшам намазынан кейін «Шардара» орталық мешітінде ел ағалары, кәсіпкерлер, жалпы үлес қосқан азаматтардың  демеушілігімен  500 адамға кешкі ауыз ашар ұйымдастырылып, онда жиналған жамағатқа  аудан имамы Асылхан Данияров қасиетті Рамазан айының фазилеті, соңғы он күндігіндегі «Қадір түні» жасалған ғибадат құлшылықтың  адамзат баласына қаншалықты сауабы бар екендігі жөнінде уағыз — насихат айтты. Аудан әкімінің орынбасарлары Шомпиев Бауыржан, Оспанов Тұрғанбек жамағатты қасиетті Рамазан айымен, соның ішінде бүгінгі барша мұсылманның сағынышпен күткен Қадір түнінде сауап үмітімен жиналған жамағатқа аудан әкімінің  атынан арнайы құттықтау сөзін жеткізді. Құптан намазынан кейін күнделікті тарауих намазында түсіріліп жатқан хатым Құранды Абдулхафиз, Бейбітжан қарилар тәмәмдап, соңынан сауабын Пайғамбарымыз (с.а.с), дүниеден бақилық болған  барша мұсылмандардың рухына бағыштап,  дұға жасады. Осы қасиеті мол бір түн сауабы мың айдан қайырлы болған Қадір түніндегі құлшылық таң атқанша ұласып, жиналған жамағат жайылған дастархандағы таңғы сәрілігін ішіп, соңынан таң кіруімен таң намазын оқып жүздерінде иманның нұры жарқырап үйлеріне тарасты.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу