Шардара ауданы: Аудан әкімінің ауызашары

Тамыз айының 16 — шы жұлдызында «Тұран» мейрамханасында аудан әкімі Айтөреев Хамитбек мекеме басшылары, ауыз бекіткен аудан қажылары, ауыл ақсақалдарының басын қосып, 120 адамға ауыз ашар берді.  Алғашқы сөзді аудан имамы А. Данияров  Алла тағаланың қасиетті кәламы Құран Кәрім аяттарынан өқып дұға жасады.

Сөз алған аудан әкімі Айтөреев Хамитбек күні кеше Түлкібас ауданында өткен ауызашарда облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов мырзаның «Ырыс алды ынтымақ» форуміндегі баяндамасынан  тілге тиек етті. Қазіргі таңда жастар арасында түрлі ағымдарға еліктеп, ата — бабамыздың сан ғасырлар ұстанып келген салт — дәстүрі мен әдет — ғұрыптарын жоққа шығарып, үлкенге деген ізет құрмет қалып барады. Дана халқымызда «Бақ қайда барасын ынтымаққа барамын», — деген нақыл сөз бар. Осыны ұстана отырып  еліміздің ынтымағы мен бірлігін, халқымыздың  тыныштығын сақтау бәріміздің борышымыз, ал діни алауыздықтың алдын ел болып баршамыз жұдырық болып жұмылып оның жолын кесуіміз керек.

Сөз кезегінде ауданың бас имамы А. Данияров қасиетті  Рамазан айының сауабы, кеше ғана өткен қадір түніндегі құлшылықтың сауабы мың айдан қайырлы екендігін  және ертеңгі «Ораза айт» намазының уақыты тамыздың 19 — шы жұлдызы таңғы сағат 7 15 – те оқылатынын  көпшілікке хабардар етті.

Ауыл ақсақалы Жұмабаев Ендібай қажы бата жасап, соңынан аудан имамы құран оқып дүниеден өткен барша марқұмдарға сауабын бағыштады.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу