Ташимов Мадибек: Исламдағы еңбекке баулу

Әлемдердің Раббысы Ұлы да Құдірет Иесі Аллаһқа сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын!

Адамзаттың ардақтысы, соңғы Елші, Пайғамбарымыз Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болсын!

Адамзатқа ақиқат шуағын ашқан, қараңғылықтардан нұрға шығарушы және Аллаһтың алдында қабыл болатын Ислам діні — адамзаттың екі өмірлік мәселелерін толықтай қамтыған дін. Қасиетті Құран Кәрім де өмірлік бүкіл мәселелерді, өмірдің барлық қыр сырлары мен сұрақтарын қамтыған асыл кітап. Ислам діні — құлшылық пен сенім, мемлекет пен Отан, мейірім мен әділдік, мәдениет пен құқық, ғылым мен даму секілді ауқымды қамтыған кемшіліксіз жүйе. Сонымен қатар, бұл асыл дініміз адамзаттың екі өмірлік уайымы мен амалын тең ұстауға шақыратын дін. Соның бір айғағы ретінде бұл қысқаша мақалам: «Мұсылмандарды еңбекке баулу» тақырыбында болмақ.

Әмр ибн әл-Әс (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) сахабалардың былай деп сұрағанын жеткізеді: «Адамдардың ішіндегі ең жақсысы және ең құрметтісі кім?». Ардақты Елшіміз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Әр бір жүрегі таза және тілі шыншыл болғандар»-деді. Сахабалар сұрақтарын жалғастырып: «Сосын кім?»-деді. Ардақты Елшіміз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) : «Кім осы өмірде өмір сүрсе, бірақ ахыретті жақсы көрсе»-деді. Сахабалар сұрақтарын және жалғастырып: «Сосын кім?»-деді. Ардақты Елшіміз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) : «Көркем мінезді мұсылман»-деді.

Мұндағы ахыретті жақсы көру дегеніміз — бұл өмірде амалсыз, кәсіпсіз жүріп, өзгелерге қол жаю дегенді білдірмейді. Ахыретті жақсы көру,соған ұмтылу дегеніміз —  ертеңгі өмірде азық болатын амалдарға ұқыпты, берік болғаныңдай осы өмірлік кәсіп, еңбегіңе де берік және жауапты болу. Аллаһ Құранда: «Қашан жұма намазы аяқталса жер бетіне тарқаңдар да Аллаһтың кеншілігін іздеңдер»-деген.

Құрандағы осы аят және осы мағыналас өзге де аяттар Ұлы Аллаһтың өз құлдарына өздерін және өз отбасыларын азықтандыруы үшін белгілі кәсіп, мамандық иесі болуы керектігін бұйырғандығын көрсетеді.

Ал, Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын)  сүннетіне қарасақ  Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) адамдарды белгілі кәсіп, мамандық иесі болуға шақырған хадистері өте көп. Сондай адамзатты еңбекке қызықтырған хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтады: «Шыншыл саудагер Қиямет күні ізгілермен және шәһидтермен бірге тіріледі». Және бір хадисте былай делінген: «Өмірдегі ең жақсы өз үлестерін алушылар — адал кәсіпкерлер мен жұмысшылар».

Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) көптеген хадистерінде егіншілікпен айналысуға да шақырған: «Егер мұсылман адам ағаш отырғызса немесе егін ексе, сол өнімдермен адам, жануар немесе құстар қоректенсе еккен адам үшін садақа жазылады».

Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) бір күні Саад ибн Муазды(Аллаһ оған разы болсын)  кездестіріп қалған кезде отбасын адал кәсіппен асырау жолында әбден шаршаған алақандарын көрді де: «Мына екі алақанды Аллаһ және Оның Елшісі жақсы көреді және бұл алақандарға от тимейді»-деген. Еңбек, кәсіп жасаушыға деген құрметі ретінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) Саадтың алақандарын сүйіп алған. Сосын Ардақты Елшіміз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) мүміндерге мына аятты оқыған екен:  «Аллаһтың саған дарытқан бақ дәулетімен ахыреттік тұрақ тіле. Дүниедегі несібеңді де ұмытып қалма». (Қасас сүресі 77 аят)

Осы жоғарыдағы аталғандарға қосымша ретінде Лұқман Хакимнің өз баласына айтқан  өсиетін келтірсек болады: «Әй,балам! Кедейлікке ұрынбас үшін адал кәсіппен айналыс. Расында кім еңбек етуді тастап кедейлікке ұрынса үш нәрседен құтыла алмайды: діндегі әлсіздік, ақылдың таяздығы және адамдық құрметтен айырылу. Бұл үшеуінен де ең жаманы — адамдардың оған деген өте нашар қарым қатынасы».

Омар ибн Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) еңбек етудің маңыздылығы жайлы бір сөзінде былай деген: «Сендерден ешкім еңбек, жұмысты тәрк етіп — «Я Аллаһым, маған берші»-деп отырмасын. Өйткені аспаннан алтын немесе күміс жаумайтыны ақиқат».

Құрметті мұсылмандар! Қарапайым адамдар ғана емес Аллаһтың Ұлы аманатын көтерген ардақты Пайғамбарлардың да өздерін және өз отбасыларын асыраған кәсіптері мен еңбектері болған.

Сол себепті де қазақта: «Кәсіп болмай нәсіп болмайды» деген сөз қалған шығар.

Ендеше намаз бен оразамызға ұқыпты болғанымыздай адал еңбекке, кәсіп иесі болуға ұмтылайық ағайын!

Ташимов Мадибек

«Халифа Омар» мешітінің молдасы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассаламу Алейкум уа Рахматуллахи уа Баракатух! Үлкен рахмет. Көп пайда алдым. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін.

Пікір жазу