«Қанайұлы Бейсенбай ата» мешіті. Мақтарал ауданы Аязхан Қалыбек ауылдық әкімшілігінде орналасқан. «Бейсенбай ата» мешіті 2007 жылы Жамантай Бейсенбаевтың қаражат демеушілігімен салынған. Мешіттің жалпы аумағы 30 сотық. Мешіт ғимаратының ұзындығы 10метр, ені 11,5метр, биіктігі 5метр, қабырғасы күйдірілген кірпішпен қаланған. Төбесі темір қанылтырмен қапталған. 4 бұрышында 4 кішкетай күмбезі бар. Ортасында бір үлкен ұзындығы 2,5метр, диаметрі 2метрлік күмбез орнатылған. Мешіт 150 адамға арналған. Үлкен залда күмбездің ортасына 12 лампочкалы.бір үлкен люстра ілінге. Мешіттің ішіне құтпа оқитын мінбер орнатылған, бір түсті кілем төселген. Бір есік, 4 терезе қондырылған. Мұнарасының биіктігі 10метр. Дәретхана мешіттің оң жағында орналасқан. Мешіттің сол жағында 9 метрлік қарауыл отыратын бөлме де қарастырылған. Аулаға 65 тал алма, өрік т.б жеміс ағаштары мен, роза, райхан гүлдері және шырша отырғызылған. Темір қорамен қоршалған.

Біз Құранды білеміз бе?
- Басты бет
- Бас Мүфти
- Бас Имам
- Жаңалық
- Уағыз
- Фиқһ
- Галерея
- Термин
- Іс-шара
- Admin
- Жұма уағызы
- Балапан
© 2015 Қаттани мешіті. Барлық құқықтары сақталған. Көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті. Сайтта басқа ақпарат көздерінің де мақалалары бар. Олар үшін жауапкершілік бізге жүктелмейді | Сайтты жасаған: Ұлықбек Алиакбарұлы.