Б.Әліпбекұлы: «Дұғадан соң бет сипау»

«Ат-Тажул Жамиь лил усул» кітабына дұғаның әдептері туралы:

1.Қыблаға жүзін бұру

2.Аллаһ тағалаға мадақ, мақтау, тасбихпен бастау

3.Басында және соңында Пайғамбар Мұхаммед с.ғ.у-ға салауаттар айту

4.Дұғада қолды көтеру,және дұғадан соң бетті сипау

5.Жасаған  дұғаның Аллаһ тағала қабыл ететініне нық сеніммен сеніп, әрдайым жасау.

 Дұғадан соң бет сипау жөнінде  хадистер жайлы:

Бірінші хадис: Омар (р.а)-дан риуаят етілген хадисте: «Расулуллоһ с.ғ.у дұғада қолдарын көтерсе, жүздерін сипамағанша түсірмейтін»

Екінші хадисте: Ибн Аббас р.а риуаят етіледі: онда Наби с.ғ.у айтады: «Аллаһтан алақандарыңыздың ішімен сұрағың, сыртымен сұрамағың, егер дұғаны бітірген болсаңыз, олармен жүздеріңізді сипаңдар»

Демек шариатта дұға еткенде  жүзін сипау бар.

Бірақ мұнда мән беретін нәрсе ықыласты болу және халалдан жеп-ішу, харам етілген істерден сақтану, Аллаһтың бұйрықтарын орындау шарттарымен. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы

Бейбіт Әліпбекұлы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассаламу алейкум. Бауырлар СУННАмен журмиз деп суннеттен калыс калмайык…

Пікір жазу