Еркін Тұрғынұлы: «Темекі және насыбай зияндары»

Темекі  және нәсібай адамзат «кексейіп» тапқан аурулардың бірі. Набий с.ғ.у дәуірлерінде, сахабалар және табиғиндер дәуірінде де темекі  және нәсібай жоқ еді.

Жаратушы Иеміз Құран кәрімнің  Бақара сүресінің 195-інші аятында: «Алла жолында мал сарып қылыңдар. (Сараң қорқақ болып) өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді»

Ниса сүресінің 29-ыншы аятының соңында: «……….Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді.»

Мәйдә сүресінің 5 аятында: «Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді ……….» осыған ұқсас аяттармен ескертіп, көп пәтуа кітаптарда темекі  және нәсібайды шегу харам делінген.

Умму Салама анамыз (р.а) «Расулуллоһ с.ғ.у. әр қандай мас қылушы және денені босатушы әлсіздетуші нәрселерді пайдаланудан қайтарушы еді» дейді.

Имам Ахмад және Ибн Мажалар риуаят еткен басқа бір хадисте «Исламда өзіне де, өзгеге де зиян келтіру жоқ» делінген. Қашанда өзіне де зиян, өзгеге де  келтірмеу керек.

Темекі түтінің құрамында 4000 жақын зиянды заттар болып, барлығы адамның саулығына зиян екені медицина тәжирибелерінде бар.

Адамды Жаратушы Иеміз Аллаһ тағала  кәміл түрде жаратқан .

Оның денесіндегі қан тамырларының ұзындығы 150000 км ( екі кісінің тамырларын біріктірсе Айға жетеді) екен. Темекі қан  құрамын және айналымын бұзады. Тамырларды қатырып тастайды. Нәсібайдың зияныда түтіннен кем емес.

Әр күні орташа бір қуты темегі шегу жарым сағат уақытты алады. Бұл есеп бір жылда 23 күнді, 16 жылда толық бір жыл уақытты алады екен

 Бір жылда балдары 80-90 қуты шеккендей уланады екен. Орташа бағада темекі шегуші бір жылда қаншама ақшаны түтінге айналдырады. Бір мәрте темекі түтінін шығару айналаны 70 миллиграмм кукун , 25 миллиграмм карбонооксидпен улайды. Темекіні орау үшін ең сапалы су қағаздары пайдаланылады. Егер бұл қағаздар кітап басу үшін істетілгенде барма ….. Қарапайым мысал: Бір темекі шегушінің өмір бойы шеккен темекі қағазына 3000 беттік кітап басуы мүмкін

 Қорыта айтқанда бұларды пайдалуды ғұламаларымыз  тиым салған.

Зиянды улы заттарды пайдаланудан бойымызды аулақ ұстайық ағайын!

 

Қазығұрт аудан имамы Полатов Еркін Тұрғынұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Аллах разы болсын сiзге! Ойландырып койдыныз..

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


1 + 7 =