Газет пен журналға жазыл да, қажылыққа тегін бар!

«Нұр Астана» мешіті Астаналық оқырмандарды «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналына 2013 жылға жазылу арқылы бәйгеге қатысуға шақырамыз!

Бәйгеге «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналына бір жылға пошта арқылы жазылған астаналық оқырмандар ғана қатыса алады.

Астана тұрғындары үшін «Ислам және Өркениет» газетіне бір жылға пошта арқылы жазылу бағасы – 1879 теңге 20 тиын, ал, «Иман» журналына бір жылға пошта арқылы жазылу бағасы – 2898 теңге.

Бәйге шарттары:

«Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналына пошта арқылы жазылып, оның түбіртегін (квитанция) 2012 жылдың 23 қарашасына дейін «Нұр Астана» орталық мешітіне әкеліп тапсыру қажет. Сондай-ақ, поштаға барып жазылу мүмкіндігіңіз болмаса «Нұр Астана» орталық мешітіне келіп те жазыла аласыз. Бәйгенің қорытындысы 2012 жылдың 25 қараша күні «Нұр Астана» орталық мешітінде сағат 14:00-де жарияланады. Бәйгеге қатысқан барлық кісілер міндетті түрде түбіртегімен бірге осы күні мешітке келіп, бәйге қорытындысына қатысулары тиіс.

Жеңімпаздарға тігілген жүлделер:

Бас жүлде – Умра қажылығы («Нұр Астана» орталық мешітінің жүлдесі);

Бірінші орын – Бас мүфти Ә.Дербісәлі хазреттің діни кітаптарының жиынтығы (Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының жүлдесі) және 75 000 теңге («Ислам және өркениет» газетінің жүлдесі);

Екінші орын – 50 000 теңге («Нұр Астана» орталық мешітінің жүлдесі);

Үшінші орын – 25 000 теңге («Ислам және өркениет» газетінің жүлдесі);

Ынталандыру сыйлығы – Бас имам Қ.Заңқоевтің «Сахабалар тарихы» атты аудио жинағы мен «Тәлімгер тағылымы» атты кітабы («Нұр Астана» орталық мешітінің жүлдесі);

Ынталандыру сыйлығы – Түрлі тақырыптағы діни әдебиеттер жиынтығы (Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының жүлдесі);

Ынталандыру сыйлығы – Түрлі тақырыптағы діни әдебиеттер жиынтығы (Көкжиек баспасының жүлдесі).

Сондай-ақ, осы жүлдегерлердің барлығына «Ислам және өркениет» газетінің атынан Құран кәрімнің орыс тіліндегі аудармасы табыс етіледі және келесі жылға газетке тегін жазылады.

Ұйымдастырушы: «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 36.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 44 58 48, 44 61 65.

 «Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    салеметсыз дер ме? менын сыздерге кояр сурагым, намаз уакыты мен уагыздарды жыберетын смс тын номерын айтып жыберыныздершы , отыныш. рахмет

Пікір жазу