Бүгін Астанада 3-ші Қазақстан Ислам қаржыландыру конференциясы өз жұмысын бастады деп хабарлады «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайты. Екі күнге созылатын конференцияның ұйымдастырушылары – индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен ислам қаржыларын дамыту қауымдастығы. Ал шараның ресми серіктесі – Қазақстан Даму Банкі.
Конференцияға шамамен 200-ге тарта делегация қатысуда. Қатысушылардың арасында еліміздің министрліктері мен ведомстволарының, қазақстандық және халықаралық дамыту институттары мен қаржылық ұйымдарының өкілдері бар.
Конференцияның негізгі тақырыптары – «ислам қаржысы – нақты экономикаға инвестиция», «құнды қағаздар нарығы: шетелдік тікелей инвестицияларды тарту», «Такафул және оның реттеу ерекшеліктері», «исламдық қаржы өнімдері мен шағын және орта бизнес», «ислам қаржыларын дамытудың отандық тәжірибелері» секілді мәселелерді қамтиды.
Пікірлер