Мысырда Пайғамбарымызға арналған телеарна ашылды

Мысырда Пайғамбарымызға арналған, яғни, Алла Елшісінің ғибратты ғұмырын, салып кеткен сара жолын насихаттайтын спутниктік тележелі ашылды, деп  хабарлайды BAQ.KZ.

 Желінің атауы - «Пайғамбар Мұхаммед, саған салауат болсын!». Бұл игі жоба Пайғамбарымыздың тұлғалығын аяққа таптап, келемеждеп көрсеткен фильм мен карикатураларға қарсы жауап ретінде ашылып отыр деуге де болады.

«Қазіргі күні штаб-пәтері Каирде орналасқан арнаның көрсетілімі тесттік режімде жүріп жатыр», - дейді Fars News Иран ақпарат агенттігі. Тележелінің Насер бин Мосаффар әл-Захрани есімді қызметкерінің айтуынша, телеарна бағдарламалары Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың хадистері негізінде түсіріледі. Оның сөзіне қарағанда, арна Пайғамбарымызды кемел тұлға ретінде көрсетуге үлес қосатын болады. «Біз Пайғамбарымызды кемсітетін талай оқиғаның куәсі болдық. Енді соған тиісті деңгейде жауап қатамыз деген ойдамын», - дейді әл-Захрани. ҚазАқпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


8 − = 2