Шардара ауданы: Діни ағымдардың алдын алу, Есірткінің алдын алу, Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

Қазан айының 08 — 11 — ші жұлдызы аралығында  Шардара қаласы №1 М. Әуезов, М. Горький, Қ. Аманжолов, Құрманғазы Сағырбайұлы жалпы орта мектептерінде «Діни ағымдардың алдын алу, Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, Есірткімен күресу» атты тақырыпта  жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге №1 М. Әуезов  атындағы жалпы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаңбырова Алтынай, Қ. Аманжолов жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдраманов Абдымомын, аудан имамы Асылхан Данияров,  АІІБ — нің полиция майоры Мырзахметов Сапарғали,  аталмыш  мектептің учаскелік инспекторы Мұсабеков Дүйсенбек,  аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, дін танушы Байкұлов Мырзабай, қала әкімшілігінің бас маманы Ибрагимов Қайрат қатысты.

          Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы,  дін танушы Байқұлов Мырзабай қазіргі таңда жастар арасында дінге бұт бұрушылық жақсы болғанымен, түрлі кері тартпа діни ағымдарға еліктеушілер көп екендігін айта келе, құқық бұзушылықтың жиілеп бара жатқандығын айтып жалпы  жастарды тәрбиелі инабатты ибалы болуға шақырды.

          Аудан имамы Асылхан Данияров сөз барысында қазіргі таңда қоғамда жастар санасын улаушы әр — түрлі секталармен атап көрсеткенде саяси радикалды ұйым «Хизбут Тахрир», кері тартпа діни ағымдар «Уаһһабилік Сәләфилік», «Тәкфиршілер», «Зікіршілер» «Хауариждер» секілді ағымдармен жастарды құлағдар етті. 14 — ғасырдан бері ата -бабамыздың ұстанған діні қасиетті Ислам діні болса, соның ішінде ұстанған жолы мазхабы имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а) жолы болған. Барша ұстанған әдеп  — ғұрып салт — дәстүрлеріміз шариғатқа қайшы келмегені дінмен бітісе қайнап араласып кеткен деуге болады. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың және психологиялық денсаулықтың алдын алу. Баршаңызға мәлім қазіргі таңда елді жайлаған үлкен дерт ол «Нашақорлық». Жастар есірткіні алғаш рет қызығушылықтан немесе достарының ортасындағы тілектестікпен тартып көреді. Оның ақыры неге апарып соқтыратыны баршамызға мәлім. Есірткі  құмар үшін есірткі өмірдің жалғыз мәні болады. Жастар арасында құқық бұзушылық, әлімжеттілік, ұрлық тағы сол сияқты қылмыстар көбейіп барады. Әр — бір көкірегі ояу, көзі ашық азаматтың бойында  әдептілік, турашылдық мінезді, ізеттілік талаптарының бұзылуына қарсы күресетін күш — қайратты қалыптастырумен қатар оның рухани болмысында ұялу сезімін, адамдарға  қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігін, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет көрсету тілегін, кайырлы іс істеу, жамандыққа қарсы ұмтылу қасиетін, құлшынысын, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік сезімін, өзінің ғана емес, басқалардың да тілектерін құрметтеу ізеттілігін, ұқыптылық, тазалық тәртібін шыңдайды дей келе сөзін қорытындылады.

           АІІБ — нің полиция майоры Мырзахметов Сапарғали қазіргі таңда жастар арасында көптеп кездесіп жатқан құқық бұзушылықтың өршіп бара жатқандығын айтып, жастарды әдепті, иманды, ұятты болуға және өздерінің болашағына балта шаппауға шақырды.

Шардара ауданы «Шардара» орталық  мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу