Ташимов Мадибек: Сіз қалта Құранын алып жүресіз бе?!

Қасиетті Құран Кәрім адамзат үшін тура жолдың және мәңгі бақыттың қайнар көзі. Құран Кәрімді оқу үлкен ғибадаттың бірі және Аллаһқа сүйкімді етіп, Оған жақындататын амал. Әбу Умама риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): اقْرَءُوا الْقُرْآنَ ، فَإِنَّهُ يَأتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيعًا لِأَصْحَابِه

«Құран оқыңдар! Ол қиямет  күні иесіне шапағат етеді», – деу арқылы Құран Кәрімді оқудың артықшылығын көрсеткен.

Және басқа бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):  خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلّمَ الْقُرأنَ وَ عَلَّمَهُ

«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деген өсиеті де біз бұл амалдың қаншалықты мақтаулы екенін аңғартады.

Өкінішке орай  «Неге Құран оқымайсыз?» деген жауапқа біреулер жұмыс, сабақтан қол босамайды десе, екіншілер бос уақытым жоқ деп ақтала бастайды. Бірақ, көпшілік адамдар ұйқы, тамақтану немесе теледидар қарау секілді амалдарды айтпағанның өзінде тіпті қалтадағы ұялы телефоны үшін де белгілі уақыт жұмсап қояды. Соның ішінде әлеуметтік желілерде отыратын бауырларымызды есептемегеннің өзінде, жай хабарлама жазу немесе сөйлесудің өзі әжептеуір уақытымызды алатыны сөзсіз.

Раббысының разылығына жетуді мақсат тұтқан, Жәннаттан үміті бар мұсылман өмірінің әр сәтін өзі үшін пайдалы өткізіп, бос нәрселерден алшақ болуы міндет.

Күлмесем де сен маған күл дейсің ау,

Жылататын істерді білмейсің ау.

Ұялы телефонды тастамайсың,

Қалта Құранын неге алып жүрмейсің ау?!

Азаматы, батырларым алда аспанның,

Жөн болар болашаққа жалғасқаның.

Ұялы телефонның білесің тетіктерін,

Құран тілін неге білмейсің жан достарым?! — деп ақын жырлаған өлең шумақтары көлемі ұялы телефонымыздай ғана қалта Құранын үнемі өзімізбен алып жүріп, қолымыз босағанда, тіпті көліктерде отырып та Аллаһтың сөзін оқуымызға болатындығын және бұл амалдың сауапты екенін меңзейді.

Ендеше, құрметті мұсылмандар, ұялы телефондарымызды жанымыздан бір елі тастамайтынымыздай қалта Құранын да өзімізбен алып жүруді әдетке айналдырғанымыз жөн болады.

Ташимов Мадибек

«Халифа Омар» мешітінің молдасы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Машалла! Жаксы жазылыпты. казыргы телефондарда Куран программасын орнатып алуга да болады. сол нарселерды еске салып отыратын имамдарга Алла разы болсын!

Пікір жазу