Жазира Төлегенқызы: «Ғылымсыз – білім жоқ,…»

Ғылымсыз – білім жоқ,

Білімсіз – күнің жоқ.

Ислам дінінің алғашқы әмірі «Оқы» деп басталғандықтан, Аллаһ Тағала мұсылмандарға оқып, білім алуды міндеттеген. Сондай-ақ Құран Кәрімнің алғашқы түсірілген Алақ сүресінің бес аяты «Оқы» деп басталады.

«Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен».

Аллаһ Тағала ақыл иелеріне ерекше мейіріммен оқудың маңыздылығын ескерткен. Жалпы Ислам діні ілім мен ғалымдарға құрмет көрсетуді тыс қалдырмаған. Себебі Құран аяты мен пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның хадистерінде білімнің ең маңызды мәселе екендігін және ғалымдардың мәртебелеріне көбірек тоқталып назар аудартады.

Бұл сөзімізге дәлел ретінде Құран аяттарына тоқтала кетсек:

«Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» (Зүмәр сүресі 9 аят)

«Шын мәнінде Алладан ғалымдар ғана қорқады» (Фатыр сүресі 28 аят)

«Раббым білімімді арттыр деп айт» (Таһа сүресі 114 аят)

Жоғарыды көрсетілген аяттар әрбір мұсылманға тиісті айтылғандықтан, адам баласы надандықтан арылуы тиіс.

Өз дәуірінің ең үлкен имамы болғандықтан Нұғман ибн Сабитті халық «Имам Ағзам» деп атап кеткен. Бірде ұлы ғалымнан қарапайым халық: «Осыншалық білімге қалай қол жеткіздіңіз?», — деп сұрағанда, Имам Ағзам Әбу Ханифа  былай деп жауап берген екен: «Төрт нәрсе арқылы: әуелі кездескен қиыншылықтарға ерекше шыдамдылық таныттым; ғалымдардың артынан бір елі қалмай итше ерумен болдым, мысықтар секілді білім табалдырығының айналасынан шықпадым; таңға дейін қарғаларша көз ілмедім.»

Атақты ғалым бұл жауабымен білімге қалай қол жеткізгенін айтса, бір жағынан өзін осы жануарларға теңеп, қарапайымдылығымен халықтың көңілінен шыққан.

Иә, тегінде білімді болу үшін адамға өте маңызды 4-нәрсе керек-ақ: Сабыр, білімділерге үйір болу, қарапайымдылық және аз ұйықтау. Ислам діні үйренуді және үйретуді құлшылық деп есептеген. Сондықтан да пайғамбарымыз (с.а.у.)- ның хадистерінде былай дейді:

«Ілім үйрену әрбір мұсылман ер және әйел кісіге парыз.» (Ибн Мәжә, Муқаддима 17)

«Бір адам жолға білім алу үшін шықса, Аллаһ Тағала осы үшін оған жәннат жолын жеңілдетеді.» ( Риязус Салихин 1 том)

«Аллаһ сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді.» (Мужәдәлә 11)

Дініміз білім алуға соншалықты көңіл бөлгендігі, егер ілім алыстағы Қытай елінде болса да барып, үйренуін талап етеді. әсіресе Ислам жолында ілім үйрену үшін қаншама елді шарлап, осы жолда өмірін қиғандарда аз емес. Сондықтан, дініміз бойынша осы ілім жолында өлетін болса, «шәйіт» болады.

Қазіргі таңда білімнің қай саласы болсын үйренемін және үйретемін дегенге өте жақсы мүмкіндіктер мен жағдай жасалған. Біздің заманымызға дейінгі ғұламалар қоғамымызға орасан үлес қосу үшін аянбай еңбек еткен. Сондай-ақ «тал бесіктен, қабірге дейін» ілім ізденуді кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Сонда ғана көздеген мақсатқа қол жеткізуге болатындығын дәріптеген.

Қорыта келе сөзімнің тобықтай түйінін, хз.Әлидің (р.а.) мына бір керемет насихатымен жеткізгім келеді «Балаларыңызды бүгіннің білімі мен мәдениетіне лайықтап емес, ертеңнің жағдайына лайықтап даярлаңыз. Өйткені, олар бүгін үшін емес, ертең үшін туылды» деген.

Аллаһ Тағала барлығымызға қайырлы ілім нәсіп етсін!

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің ұстазы Жазира Төлегенқызы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу