Төлеби ауданы: Құрбан айт құтқа бөледі

Құрбан айт исі мұсылманның асыға күтетін ерекше мейрамдарының бірі. Мұсылманның екі қуанышты мейрамына дайындық жасау қалыптасқан үрдіс. Мерекеге дайындық алдымен тазалықтан басталады. «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті бетке тұтқан мұсылман жұртшылығы бұл күнде тәнін ғана тазалап қоймай, қоршаған ортасынының тазалығына мән береді. Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің қызметкерлері мешіт айналасын тазалап, мұсылманға тән сипат танытып, қызу дайындық жасады.

Иә, бұл мейрам мемлекет тарапынан да ескерілгендігіне біраз уақыттың жүзі болды. Арнайы демалыс күні етіп жариялап, қызметкерлерге үлкен мүмкіндік жасады. Мұның да мұсылман жандардың көңіліне қуаныш сыйлағаны жасырын емес. Бұрындары басшылық тарапынан айт мейрамдарына айтарлықтай көңіл бөлінбей, бір жақты қаралып келді. Шүкір, қазіргі таңда билік басындағы ағаларымыз да Ислам дінінің қадір-қасиетін, мәні мен маңызын түсінгендіктен мешітпен тығыз қарым-қатынас жасап, қолынан келгенше көмек беріп жүргендіктеріне куә болып жүрміз. Міне, биылғы жылы Төлеби аудандық «Нұр» мешітіндегі Құрбан айтты қарсы алу ерекше тебіреніспен басталды. Оның ерекшелігі сол, ел ағалары мен ел тізгінін ұстаған басшылар айт намазына қатысып, халықтың арасынан табылды. Атап айтқанда Төлеби ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков, Ленгір қаласының  әкімі Өсербаев Мұхтар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абдиев Жұман, сонымен қатар аудандық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Аудан әкімі халықты Құрбан айтпен құттықтап, алғысын білдірді. Айт намазынан кейін қонақтарға мешіт тарапынан айттық дастархан жайылып, ел ағаларымен арнайы жүздесу болды. Сондай-ақ мешіт тарапынан сыйлық ұйымдастырылып құтықтау қағазы тарқатылды. Қазақ қашанда батаменен ел көгерер деген игі дәстүрін жадынан тастаған емес. Дастарханнан дәм татқан игі жақсылар мұндай бастаманың ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдіріп, қол жайып Аллаһтан ауызбіршілік, ынтымақ сұрап, ел тізгінін ұстаған ағалардың еңбектеріне жеміс тіледі. Осыдан кейін Құрбан айт құрбандық шалуға ұласып, жетім-жесірлер мен жабырқау жүректердің жандарына қарай жол тартты.

Төлеби аудандық «Нұр» мешіті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу