А. Данияров: Мұсылманға жат нәрсе ғайбат айту

Әбу Сайыдден (р.а) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз (с.а.с) «Адам баласы таңертең ұйқыдан тұрғанда бүкіл дене мүшелері тілінің алдына бас иіп: Біз үшін Аллаһтан қорық. Шын мәнінде біз саған тәуелдіміз. Егер сен туралықты ұстансаң, бізде тура жолда боламыз. Ал егер тура жолдан тайсаң, біз де таямыз деп айтады», — деген.  Кейде адамдар өздерін «хақ мұсылманмын» дей отыра, үлкен күнәлар жасап қоятындықтарын байқамай қалады. Тіпті, біреулер оның үлкен күнә екендігін біле тұра соған барады. Меңзеп отырған бұл үлкен күнә — ғайбат деп аталады.     Ғайбат Құран кәрімде өлі бауырының етін жеуге ұқсатылған:

«Бір — біріңнің кемшіліктеріңді іздемеңдер, бір — біріңді сырттай жамандамаңдар, ғайбат етпеңдер. Өлген бауырының етін жеу кімге ұнайды? Бұл жиіркенішті. Олай болса Аллаһтан қорқыңдар.»

Ғайбат, сөз тасудан және басқа да күнәлардан қашу нәпсімен жиһад етуге жатады. Бұл “жиһади әкбар” үлкен жиһад ретінде білдірілген. Ғайбаттың зияндары туралы хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Миғражда кеуделерінен асылып азапталғандарды көрдім. “Бұлар қас, көз ишараларымен мазақ қылып, ғайбат еткендер” делінді. Шынында Құранда былай бұйырылған: “Адамдардың артынан жамандап, қас көзімен мазақ қылғандардың жағдайы қиын болады!”»

«Миғражда тозақта иістеніп кеткен өлекселерді жеп жатқандардың кім екендігін сұрадым. Бұлар ғайбат етіп адамдардың етін жегендер», — делінді.

«Ғайбат және өсек айту, адамның иманын әлсіретіп жоқ қылады»

«Біреу туралы айтылған кемшілік ол адамда бар болса ғайбат болады, жоқ болса жала болады»

«Ғайбат еткен адамның дұғасы қабыл болмайды»

«Ғайбат еткен адам жаһаннамдық болады»

«Төрт адамның тартқан ауыр азабынан жаһаннамдағылар мазасызданады. Біріншісі оттан жасалған табыт ішінде, екіншісі асқазандарын жерге сүйретіп жүреді, үшіншісі қан мен ірің құсады, төртіншісі өз еттерін жейді. Біріншісі қарыздар болып өлген. Екіншісі зәрден сақтанбайтын (таза жүрмейтін) еді. Үшіншісі әдепсіз сөйлейтін. Төртіншісі ғайбат және өсекпен айналысатын еді.»

«Бес нәрсе ораза және дәретте игілік қалдырмайды: өтірік, ғайбат, сөз тасу, шәхуатпен харамға қарау, өтіріктен ант ішу»

«Ораза отқа қалқан болады. Ғайбатпен бөлшектенбегенге дейін қорғайды.»

«Ғайбат етпеген адам Аллаһ тағаланың сенімінде болады.»

«Өлексе жеу, ғайбат айтып досыңның етін жеуден де жеңіл болып табылады.»

Жаңа жерленген екі өлі үшін пайғамбарымыз (с.а.с)  былай дейді: «Қазір олардың қабірлері отқа толтырылды, азап ішінде жатыр. Айғайлаған дауыстарын адам мен жындардан басқа барлық махлұқ естіді. Егер сыр сақтай алғандарыңда еді, менің естігендерімді сендер де еститін едіңдер. Бұлардың біреуі зәрден сақтанбайтын еді, екіншісі адам етін жейтін еді (ғайбат ететін еді)

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) ғайбат еткен адамға «Тәубе ет, бауырыңның етін жедің» деп бұйыратын.

Пайғамбарымыз (с.а.с) менің “мұрагерлерім” деп атаған, Аллаһ тағаланың сенімді адамдарына яғни ислам ғалымдарына ең аз дегенде әдептілік танытуымыз керек, дін дұшпандарына алданып олар жайлы кітаптарына дұрыс емес хадистер жазған деп жаман ойламауымыз керек. Аллаһ тағала Ислам дінін тексіздерге қарсы осы мүбәрәк кісілермен қорғап, таратқанын ұмытпау керек.

Ғайбат етудің кәффараты — өкініп тәубе ету және ғайбатталған адамның разылығын алу (кешірімін алу) болып табылады. Күнәсына өкінбестен разылығын алу рияға жатады, тағы бөлек күнә істеген болады.

Ғайбат үш түрлі болады:

1- “Бұл ғайбат емес, онда бар болған нәрселерді айттым” деу. Бұлай айтумен харамға халал деген болады, бұл өте қауіпті.

2- Ғайбат етілген адам бұны естіген болса, тәубе етумен кешірілмейді. Оның разылығын да алу (кешірімдесу) керек болады. Бір хадис шәрифте былай бұйырады:

«Ғайбатталған кісі, ғайбат еткен адамды кешірмейінше кешірілмейді.»

          Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Уа, тілдерімен иман келтіріп, жүректеріне иман кірмеген халайық! Мұсылмандарды ғайбаттамаңдар, ұятты жерлерінің (кемшіліктерінің) ізіне түспеңдер, шынында кімде — кім ұятты жерлерінің (кемшіліктерінің) ізіне түсетін болса, Аллаһ тағала олардың ұятты жерлерінің (кемшіліктері) ізіне түседі. Ал, кімде — кімнің Аллаһ тағала ұятты жерлерінің (кемшіліктерінің) ізіне түсетін болса, оны сол кісінің  үйінде мақсара етеді», — деген.

         Пайғамбарымыз (с.а.с.): Исра кешінде бір қауымның алдынан өтіп бара жатып, олардың ет пісіріп жеп жатқанын көрдім, — деп айтты. Оларға Жәбрейіл (а.с.) келіп: «Бауырларыңның етін жегендей жей беріңдер!», — деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жебрейіл (а.с), олар кімдер?» — деп сұрағанда, Жебрейіл (а.с.): «Олар Сіздің үмметтеріңіздің ішіндегі — ғайбатшылар», — деп жауап берген екен.

         Ал, Хасан әл-Басри: «Тақуа адамның тілі жүрегінің артында. Егер сөйлегісі келсе, бірінші жүрегін тыңдайды. Хайыр болса — сөйлейді, хайыр болмаса — сөйлемейді. Мұнафиқтың тілі жүрегінің алдында. Ол жүрегін тыңдамайды», — дейді. Ғайбат — адамның сауаптарының азаюына, басқалардың күнәлары өзіне жүктелуіне себеп болады. Бұларды үнемі ойлап жүру, ғайбат айтуға кедергі болады. Сөз сөйлеу әдебіне бұдан басқа да үлкен кісінің сөзін бөлмеу, біреуден естігенді жеткізбеу, сыр сақтай білу, әуелі амандаспай тұрып сөз бастамау, дөрекі сөз сөйлемеу, тілді балағат сөздерге үйретпеу, ешкімнің көңіліне жара салмау, сыпайы сөйлеу осы секілді басқа сөздер жатады. Өйткені ол адамның ішкі жан дүниесінің айнасы. Жүрек тазалығы мен ой тұнықтығының, мәдениеттілік пен кісіліктің белгісі, ақылдың таразысы. Бір сөзбен қорыта айтқанда тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды.

          Аллаһ тағала қасиетті Құранн Кәрімде: «Өзің білмейтін (әрі өзіңе қатысы жоқ) нәрсеге елікпе (яғни білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа)». Шындығында құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерінің бәрі де (Аллаһ тағаланың алдында жауапқа тартылады) (Исра сүресі, 36 — аят)

         Тіл Аллаһ тағаланың пенделеріне берген ең бір үлкен нығметтерінің бірі болып есептеледі. Оның атқаратын қызметі зор. Жақсы мен жаман  сөз де тілден шығады. Егер тілін қадағалап әр сөзіне есеп бермесе, шайтан құрдымға жетелейді. Тілін ғайбат — өсектен тыймаған пенденің тозаққа түсуі әбден мүмкін. Тілін шариғатпен жүгендеп екі дүниеге де пайдасы бар сөз сөйлеген адам ғана тозақтан құтылмақ.

          Сондықтан да Ислам діні бос сөз сөйлеуден гөрі үндемеуге шақырады Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадисінде: «Кімде — кім сөйлемей тыныш тұрса, бәледен құтылады», — десе, басқа хадисінде «Кімде кім Аллаһқа және ақирет күніне анық сенсе, тек қана жақсы сөз айтсыннемесе үндемесін», тағы басқа «Бірақ, мұны түсініп амал етушілер аз»,  — деген.

           Аллаһ тағала барша мұсылманды өзінің берген үлкен нығметі «тілді», — жәннатқа жетелейтін жақсы жолға пайдаланып, өзінің разылығына бөленетін сүйікті құлдарының қатарынан болуды жазсын (әмин)

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    жаксы ари тусиникти жазылган


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ол адет емес, шешен деген Шымкенттин жигитимин озим ондай созди аузымада алмайм, озимнин жерлестериме айтарым шынымен койайык, ар ким 32 тистин арасынан шыккан созге жауап берсе, ондай созди ишкимде айтпайды, мына созди ким жассада копке топрак шашпа


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Өте дұрыс жазылған. «Он күнәнің тоғызы тілден» демекші, біздің Шымкенттің жігіттері екі сөздің бірінде «шешені» қосып сөйлейді. Сол жаман әдеттен құтылудың жолы бар ма?

Пікір жазу