Абай Қалшабек: «Тәуелсіздік толғауы»

Тәуелсіздік -Махамбеттің арманы,

Исатайдың қында өткен қанжары.

Хан Кененнің жортып өткен жолдары,

Сырым батыр айта алмаған жан зары.

Тәуелсіздік- шолпан жұлдыз толқыған,

Сұлтанмахмұд көрмей кеткен таңдағы.

Мұстафаның қол жетпеген әуесі,

Ахмет пен Міржақыптың нәуесі.

Мағжан ақын  күңіренген құзар шың,

Жүсіппектің қаламының сәуесі.

Тәуелсіздік Махаңдардың арманы,

Қайраттардың көрмей өткен таңдары.

Мұқағали аңсап өткен бұл асыл,

Бабалардың кештеу жеткен мұрасы.

Тұрардыңда шыға алмаған тұғыры,

Шәкәрімнің шорт үзілген ғұмыры.

Ұлы Абайда дәм татпаған бұл күннен,

Болсадағы сом алтынның сынығы,

Абай түгіл көрмеген ғой Құнекем.

Орта жүздің қайта тумас ұлығы,

Момышұлы сыр арнаған бұл күнге.

Құрманғазы күй қып қосқан күмбірге,

Асқарларда арман болған бұл күнге.

Ел жадына қара сөзбен сындырды,

Тәуелсіздік мен жырлаған осы жыр.

Кеудемдегі ұға білсең күмбірді,

Кетседағы келер күнге үн қатып,

Дінмұхаммед жете алмаған бұл -БАҚЫТ.

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі, ақын Абай Қалшабек. Шымкент қаласы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Абай агай. Аллах разы болсын. оте керемет. Исиниз онга бассын. сизден билим алганымды мактан етемин!!!

Пікір жазу