Мақтарал ауданы: Мақтаралдық имам-молдалар жыл басында бас қосты

Қасиетті жұма күні, жұма намазынан кейін Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінде қала, кент, ауыл имам-молдаларының 2013 жылдың алғашқы жоспарлы жиналысы болып өтті. Ауданның Бас имамы Бекзат Сыздықов күн тәртібін белгілеп қатысушы имам-молдаларды алдағы жарты жылдықта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды.  Сондай-ақ, Бас имам мына мәселелерге ерекше тоқталып өтті. Солардың бастысы, кәзіргі таңда күрделі мәселеге айналып отырған дәстүрлі дінімізге жат кері ағымдармен күрес мәселесі. Ата дінімізге жат кері тартпа діни топтарға қарсы табандылықпен жұмыс жүргізу бүгінгі күні мешітте қызмет етіп отырған имам-молдалардың негізгі міндеті болуға тиіс екендгін қадап тұрып айтты. Осы мақсатта имам-молдалар арасынан құрамында 3-4 мүшесі бар төрт үгіт-насихат тобы құрылды. Алдағы уақытта бұл уағызшы топтардың жұмыс жоспарын бекітіп, аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып мектеп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен литцейлерде білім алып жатқан жастармен кездесу өткізу, сондай-ақ қала, өңір, елдімекендерді аралап тұрғындармен кездесу ұйымдастырып жалпы аудан көлемінде жұмыс жасау көзделіп отыр.

Екінші мәселе ҚБДБ-ның жанынан құрылған «Зекет» қорын жанжақты насихаттау жұмыстарын жандандыру. Ол үшін кәсіпкерлермен қалталы азаматтарға, жалпы аудан тұрғындарына зекет қорын таныстырып  аталмыш қордың есепшотына тұрақты түрде қаражат аудартып отыруды жолға қойуымыз керек деді Бас имам өз сөзінде. Сондай-ақ имамдар арасында бірнеше жылдан бері сөз болып кележатқан имам-моладалардың жалақы мәселесіде осы қордың есебінен берілетіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, аталмыш басқосуда имам-молдалардың білімдерін жетілдіріп отыру, бұл мақсатта ұйымдастырылып жатқан Шымкент медресесіндегі 1 айлық,  аудандық орталық «Өткелбай» мешітіндегі апталық  семинарларға тұрақты түрде қатысу сондай-ақ, күнделікті бес уақыт намазға азан айту мәселелерін реттеу, аудандық орталық мешітте өткізілетін жиналыстарға, өзгеде осы секілді жиындармен түрлі кездесулерге діни басқарма бекіткен сәлде шапанмен қатысу,  алдағы мәуліт мерекесін жоғары деңгейде атап өту, барлық мешіттерге сұрақ-жауап жәшігін орнату, әлі бұйрық алмаған найб, азаншы, молдаларды бұйрықтан өткізу, ҚМДБ-ның төл басылымдары «Ислам және өркениет» газетімен «Иман» жұрналын оқырмандарға дер кезінде жеткізіп отыру, осы және өзгеде ағымдағы өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғалып нақты міндеттемелер жүктелді.

А.Нұрматов                                                                                                                      Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай»                                                                      мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу