Мақтарал ауданы: Орыс ұлтының өкілі мұсылман болды

Мақтаралдық орыс ұлтының өкілі 34 жасында хақ дін Исламмен қауышты.  Аллаһтың хақ діні Исламды қабылдаушы өзге дін өкілдері күн санап артып келеді. Бұл қуантарлық жайт әрине.

Кеше қасиетті жұма күні Жетісай қаласының тұрғыны орыс ұлтының өкілі Александр (былайғы жұрт оны Саша деп атайды) деген азамат мешітімізге келіп өзінің мұсылман болғысы келетіндігін жеткізді. Жұма намазынан алдын Бас имам Б.Сыздықовпен 1 сағатқа жақын сұхбат құрған Саша дініміздің асыл құндылықтарын шын жүрегімен мойындап, өз қалауымен Ислам дінін қабылдауға шешім қабылдағандығын айтты. Оның мұсылмандықты қабылдауына түрткі болған нәрсе, бірге жұмыс істейтін жолдастарының бес уақыт намаз оқып, таза жүріп тұрулары және олардың бір-бірімен қарым-қатынастағы өзара әдеп, ахлақтары себеп болған екен. «Олар бір-бірлерін алдап, бір-бірлерінің ақыларын жемейді. Себебі олар Аллаһтан қорқатын шынайы достар»- дейді Саша тебірене отырып.

Бір сағатқа созылған сұһбаттан кейін Бас имам жұма намазына жиналған жамағатқа жаңа мұслманды таныстырды.  Саша жамағат алдына шығып Кәлима шаһадат айтып өзінің мұсылман болғандығын көпшілікке жария етті. Бұл көріністің куәсі болған мұсылман жамағаты қуаныштан үш мәрте «Аллаһу әкбар» деп Аллаһқа тәкбир айтты.

Иә, Аллаһ Тағала Насыр сүресінде «Қашан Аллаһтың жеңісі келгенде олардың топ-тобымен Аллаһтың дініне кіргендігін көресің. Сол кезде Раббыңда ұлықта» деп бұйырады. Аллаһу Әкбар!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу