Мақтарал ауданы: Аттақуа мешіті мәуліт мерекесін ерекше атап өтті

Кеше Жетісай қаласындағы «Аттақуа» мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы  «Қажы ата» дәмханасында пайғамбарымыздың мәулітіне арналған алқалы жиын болып өтті.

Аталмыш жиынға ауданның Бас имамы Б.Сыздықов арнайы қатысып жамағатты қасиетті мәуліт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.у) – ның өнегелі өмір тарихынан ғибратқа толы мәнді де мағналы насихат сөздерін айтты.

Екі сағатқа созылған торқалы жиын, қала мешіттері жамағаттарынан құралған фудбол командалары арасындағы фудбол жарысымен жалғасын тапты. Жарысқа, имамдар және намазхандардан құралған бес команда қатысып өз бақтарын сынады. I, II,  III- орындарды иеленген  үш командаға жүлделі силықтар табысталды.

Мақтарал аудандық орталық  мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу