ҚМДБ: Бас мүфти бала Жамбылды қабылдады

Ел арасында бала Жамбыл атанып кеткен қазақтың қаршадай ұлы, 9 жасар дарынды жас ақын Жамбыл Дүйсенұлы Дінбасы қабылдауында болды.

Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет талант иесімен сұхбаттасты. Өнерімен алаш жұртын таңқалдырған бала Жамбыл Дінбасымен дидарласып, ізгілік жайлы әңгімелесті. Бас мүфти имандылық жолында жүрудің маңыздылығын тілге тиек етіп, Ислам – адамгершілік пен ізгілік діні екенін жеткізді.

Жамбыл Дүйсенұлы Дінбасына «Періште тілек» атты кітабын тарту етті.

Жамағаттың жадында болар, ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәуліт кешінде жас ақын Жамбыл Дүйсенұлы өз қаламынан туған «Адамзаттың абзалы», «Ар-намыс жайлы» өлеңін тебіреніспен оқып, көпшілікке көп тастаған еді. Бас мүфти мәуліт салтанатының жоғары деңгейде өтуіне елеулі үлес қосып, жиылған жұртты бойына біткен дара өнерімен тәнті еткен бала Жамбылға алғысын білдіріп, батасын берді һәм алғыс хатпен марапаттады. «Өнерің өрге жүзсін, қанатың талмасын, ел-жұртыңның үмітін ақтай бер! Алла Тағала өзіңе бақытты да, берекелі ғұмыр нәсіп етсін!» деді Дінбасы.

 

 

 

 

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу