Мақтарал ауданы: Асық-Ата мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтті

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 8-жұлдызы, қасиетті жұма күні Мақтарал ауданы, Асық-Ата өңіріндегі «Асық-Ата» мешітінің имамы Кенжебеков Қанатбек Ақылбекұлының ұйымдастыруымен пайғамбарымыздың (с.ғ.у) дүниеге келген мүбарак «мәуліт» айы өңір тұрғандарымен біргелікте халық болып аталып өтті. Шамамен үш жүзге тарта адам қатысқан бұл жиында арнайы мерекелік дастархан жайылып, ас берілді.

Аталмыш шараға арнайы қатысқан Мақтарал ауданының Бас имамы Бекзат Сыздықов бүгінгі мәулітті мерекелеуге жиналған көпшілікті мерекелерімен құттықтай келе пайғамбарымыздың (с.ғ.у) ғибратқа толы өмір тарихынан уағыз-насихат айтып, мәуліттің мән мағнасын түсіндірді. Сондай-ақ, мәуліт айы басталғалы ауданға қарасты барлық мешіттерде аталып өтіп жатқан аталмыш мерекенің Асық-Ата өңірінде де кең көлемде аталып өтуіне мұрындық болған өңір имамына, өңір тұрғындарымен мешіт жамағатына өзінің алғысын айтып ыстық ықыласымен жылы лебіздерін білдірді.

Шымкент қаласынан арнайы келген қонағымыз Шымкенттегі «Біләл» мешітінің имамы Әсембай Талғатта өз кезегінде сөз алып жұртшылықты мәуліт мерекесімен құттықтады. Ол, жамағат алдында ынтымақ-бірлік, исламдағы бала тәрбиесі, Ханафи мазһабының ерекшеліктері жайлы ой қозғап өзінің мәнді де мағыналы уағыз-насихат сөздерін айтты.

А.Нұрматов Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу