Мақтарал ауданы: Мәуліт мерекесі аудандық деңгейде аталып өтті

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 9-жұлдызы, Жетісай қаласындағы Қазақстан студенттер сарайы, Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітімен аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі бірлесе отырып ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.у) дүниеге келген мәуліт айына байланысты «Мәуліт айы құтты болсын» атты рухани кеш өткізді. Аталмыш кешке Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы П.Есенбеков, Аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің Бас имамы Б.Сыздықов, Сырдария университетінің ректоры С.Мамыраев және барлық ауыл әкімдерімен имам-молдалары, ауыл, қала ақсақалдарымен қажылар, қала тұрғындарымен студент жастар қатысты.

Алдымен ішкі саясат бөлімінің бастығы П. Есенбеков кіріспе сөз сөйлеп, бүгінгі рухани кешімізді жүргізіп беру үшін кешіміздің қәдірлі қонағы, Белгілі композитор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жарылқасын Дәулетті ортаға шақырып, ол басқарып келген «Раян» тобының әнші жігіттерін көпшілікке таныстырды. Сондай-ақ кеш шымылдығын  Алланың кәләмі Құран оқумен ашайық дей келе Құран оқу үшін  аудан имамы Б.Сыздықовқа кезек берілді.

Арықарай кешті Жарылқасын Дәулет өзі жүргізіп отырды. Ол, алдымен Мақтарал жұртын осынау айтулы мерекемен құттықтап, бүгінгі аталып өтіп жатқан рухани кештің маңыздылығына бірсәт тоқталды. Өзінің құттықтау сөзінен кейін алғашқы кезекті «мәуліт» оқуға берді. Мақтаралдық үш имам сахна төріне шығып Пайғамбарымыздың ғибратқа толы өмір тарихымен адамгершілік қасиеттерін кеңінен насихаттайтын «Мәуліт жырын» оқыды. Сонымен қатар, жуырдағана өз мәресіне жеткен Алматы қалалық «Күміс көмей, жезтаңдай» дәстүрлі ән орындаушылар конкурсының бас жүлдегері Бекзат Әбілдин «Айтарым бар» әнін орындап берді.

Кеш барысы одан әрі «Раян» тобының орындауындағы Иләһи әндермен қыза түсті. Кешті жүргізуші алдын ала орындалатын әндердің мән мағынасын хадистерден, сахабалар өмірінен және кәзіргі күнімізден мысалдар келтіре отырып түсіндіріп отырғандықтан топ орындауындағы әрбір ән жанға жайлы көңілге қонымды болды.

Кеш соңы «Раян» тобының орындауындағы «Мешітке» жүр әнімен аяқталды. Жалпы, кеш өте қызықты әрі әсерлі өтті. Аудан имамы Б.Сыздықов қорытынды сөз сөйлеп, келген қонақтарға, сондай-ақ осы шараның өтуіне өзіндік үлесін қосқан барша азаматтарға алғысын айтып ризашылығын білдірді.

А.Нұрматов

Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу