Сарыағаш ауданы: Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған үгіт насихаты өтті

Сарыағаш ауданы Ломоносов орта  мектебінде  мектеп атындағы орта  мектепте Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған үгіт насихаты өтті. Ағымдағы ақпанның 12 жұлдызы күні Сарыағаш қаласы Ломоносов орта  мектебінде  мектеп орта  мектебінде  мектеп оқушылары арасында діни семинар болды.  Осы семинарға мектеп директоры ауданның ішкі саясат бас маманы   Қ.Тоқсанбаев Сарыағаш ауданының орталық мешітінің найб имамы А.Мауленов қатысты.

Алғашқы  сөз Сарыағаш ауданының найб имамы А.Мауленов Ислам дінінің жақсы жақтарын айтып, пайғамбарлар өмірінен үзінділер келтіріп қызықты түрде баяндады. Елімізде ислам атын жамылған діни ағымдар түрлі радикалды топтар құра бастады. Солардың ішінде біздің ислам дінінің атын жамылған «Зікіршілер ағымы» басшысы Исматулла шет елден Қазақстан еліне келіп Құран мен сүннетті бұрмалап өз пайдасы үшін талай беделді азаматтарды соның ішінде жастарды өз қармағына алдап түсіріп келді. Сонымен қоса «Қазақстан «телеканалын өз пайдасы үшін қазақтың салт дәстүрін алға тартып өз дегеніне сендіріп келді ақыр аяғында Исматулла Абдуғаппарұлы ұсталып, қолға түсті.  Себебі талай жастарды медресеге қамап қолдарына кісен салып қинап келген.  Бұлардың іс әрекеті көпке созылмады.  Осы сияқты діннің атын жамылған Салафия, Ахмадия деген ағымдар пайда болуда, келімсек секталардың қазіргі таңда ең қауіптісі «Иегова куәгерлер» ағымы. Бөгде елден келген миссионерлерді былай қойғанда, қазақты қазақ шоқындыра бастады талай отбасы ажырап, талайы жүрек ауруы болып көз жұмғандығын айтып, осындай ағымдардан сақтану үшін діни білім керектігін айтып өтті.

Келесі сөзді ауданның ішкі саясат бас маманы Қ.Тоқсанбаев    сөз сөйледі, ол еліміздегі дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер жайлы толық қанды мәлімет беріп, Елбасымыздың дін туралы жаңа заңын түсіндіріп өтті. Еліміздегі шеттен келген діни секталарды айтып олар елімізге іріткі салу мақсатында жүргендігі жөнінде сөз сөйлеп алдағы уақытта орталық тарапынан мұндай іс-шаралар жиі өтетінін және оларда жастарға барынша көбірек мәлімет беруге, жастарды толыққанды білімді етуге орталық тарапынан барлық мүмкіндіктер бар екенін мәлімдеп соңынан Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат бөлімі әлеуметтік басқарма орталығы  тарапынан дайындалған ағымдар жайлы бейне материал қойылды.

 Сарыағаш орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу