«Маһдия» діни ағымы

Араб және ислам әлеміндегі пайда болған реформалық қозғалыстардың ең көрнектілерінің бірі. ХІХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған. Бұл діни әрі саяси сипаттағы кейбір теріс ақида және діни көзқарастағы қозғалыс. Маһдидің ұрпағы және ізбасарлары Судан мемлекетінде діни және саяси өмірде маңызды рөл атқаруға әрекет етуде.

Негізін салушылар мен көрнекті өкілдері:

-Мұхаммед Ахмад әл-Маһдий бин Абдулла (1845-1885ж). Данқала қаласының оңтүстігіндегі Лүбаб жазирасында дүниеге келді. Жастайынан Құран кәрімді жат  алған ол шайх Махмуд әш-Шанқайтидан діни тәлім алды. Сопылық тариқатының Қадария бағытын ұстанды. Сопылық жолындағы ұстазы Мухаммед шариф Нұр әд-Дайм еді.

-Сопылықтағы ұстазы шайх Мұхаммедтің кейбір діни мәселелеріндегі немқұрайлығын байқап, Жазирадағы шәйх әл-Құраший Удда әз-Зайнға шәкірт түсті. Оның осы екі ұстазы сол замандағы сопылық тариқатындағы ең белгілі шейхтары болатын.

-Ол 1870 жылы отбасымен бірге (Әбә) жазирасында қоныстанып, үңгірлердің бірінде терең ойға шомды.

-1880 жылы ұстазы әл-Құраши қайтыс болды. Ол ұстазының басына кесене тұрғызып, өзі оның орнына хәлпе болып отырды. Оған қалғандары қайтадан қол берді.

-1881 жылы кәпірлерге және ағылшын отаршыларына қарсы жиһад жариялаған пәтуасын шығарды. Содан Суданның батыс жағалауларында мақсатын жүзеге асыра бастады.

-1881 жылы 29 маусымында ол (Әбә) жазирасындағы үңгірде 40 күн шілдеханада отырып шығып, ғалымдарға, шайхтарға, танымал адамдарға өзінің зұлымдыққа басқан жер жүзіне әділдік деп күтілген Маһди екенін жариялады.

-Өкімет тарапынан оның әрекетін басуға жіберілген қарулы күшпен соғысып, 1881 жылдың тамызында жеңіске жетеді де өз дағуатын жүргізуге мықтап кіріседі.

-Мәсе тауына қоныс аударып сол жерге өзінің туын тігіп, торт хәлпесін тағайындады. Олар:

  1. Абдулла Әт-Тайший, ол көк туды иеленді. Оның лақап аты Әбу Бәкір.
  2. Әли Удда Халу, ол жасыл туды көтерді. Оған Омар бин әл Хаттаб деп ат берді.
  3. Мұхаммед әл-Маһди Әс-Санусия: ол Ливиядағы үлкен беделі бар Санусия тариқатының басшысы. Маһди оған Осман ибн Аффан атты ұсынды. Бірақ Санусий оны түсінбегендіктен оған жауап бермеді.
  4. Мұхаммед шариф, ол Маһдидің ағасының ұлы еді. Сондықтан оған қызыл туды ұстатып, Әли бин Әбу Талиб лақап атын берді.

-1885 жылы 26 қаңтарда Хартумда Маһди әскері мен Ғардун әскері шайқасты. Соғыста Ғардун өлтіріліп Маһди жеңіске жетті. Суданда Осман билігінің күші жойылып, Маһди мемлекеті қолына алды. Мемлекеттің қайта құру ісін арнайы мешіт салудан бастады. Мешіт құрылысы һижридің 1305 жылы аяқталды.

-Қазилық қызметіне шайх Мухаммед Ахмед Жаббарды тағайындап, оған Ислам қазысы атағын берді.

1885 жылы 22 маусымда жаңа мемлекет негізін салған Маһди қайтыс болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: 


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


7 − = 2