«Таблиғшылар» немесе «дағуатшылар» жамағаты

«Дауғат» араб сөзі, қазақша «шақыру», «үгіт-насихат жүргізу» мағыналарын білдіреді. «Таблиғ» та арапша сөз, ол «жеткізу» деген мағынаны білдіреді. Демек, «таблиғшылар» немесе «дағуатшылар» жамағаты дінді уағыздаушы топ деп түсініледі.

«Таблиғшылар» немесе «дағуатшылар» жамағаты нәпіс тәрбиесіне аса мән беретін тариқат сопылары сияқты бір топ деп танылып, ислам дінінің бір жамағаты саналады.

Бұл топ өткен ғасырдың 1820 жылдары Үндістанда Мұхаммед Иляс ибн Маулади имағил (1303-1364 һ.ж.) тарапынан ұйымдастырылған. Ол Үндістанның Кандағлақ елді мекенінде дүниеге келген. Осы елдегі Әбу Ханифа мазһабы бойынша, ең ірі білім ордасы саналған «Диапант» мектебін тәмамдаған.

Алғашында аз болған жамағат бертін келе көбейеді. Қазір таблиғ жамағаты кірмеген дүниеде мемлекет жоқ десе де болады. Бұлар көшеден халық жинап, оларды мешітке немесе арнайы орынға әкеліп, өз ережелеріне сәйкес дінді насихаттайды. Олар әр адамға жеке-жеке дін уағыздалса, қоғам жамандық атаулыдан өзінен-өзі арылады. Әрбір мұсылман дағуат айтуға шығу арқылы кәміл мұсылманға айналады деп ойлайды. Елдің саясаты туралы сөйлеспейді. Өздерін партияға бөліну мен саясаттан аулақ ұстайды. Саясатқа араласқан мүшелерін өз қатарларынан алыстатады. Олар саясатты саясатқа жоламау деп түсіндіреді.

Жамағаттың негізгі мақсаты ислам құндылықтарын уағыздау, халықты исламға шақыру, мұсылмандарға ислам үкімдеріне толық амал ету қажет екендігін түсіндіру және олардың Алла тағаланың алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Таблиғшылардың дағуаты төмендегі негіздерден тұрады.

  1. Әл-калима әт-таийба яғни, «лә иләһә иллалла, Мухаммад расулулланы» үйрету.
  2. Намаз оқу.
  3. Білім және зікір айту (дұғалар оқып, тасбих тарту).
  4. Мұсылмандарды құрметтеу.
  5. Ықылас.
  6. Алла жолында дағуатқа шығу.

Жамағат мүшесі яғни, әрбір таблиғшы аптасына бір күн, айына үш күн, жылына қырық күн, өмірінде төрт ай Алла жолында дағуат сапарына шығуға тиіс. Дағуат айтуға шыққан таблиғшы үйінен төсек орнын, азық-түлігін бірге ала шығады. Олар топ құрып, өз қаласындағы немесе басқа қалада бір мешіт немесе бір үйді жалға алып, оны паналайды. Әр он таблиғшы үшін бір әмірші сайланып, оған бойсұну уәжіп саналады. Әмірші кейбірін өздері жайғасқан жерді тазалау сияқты шаруалармен сонда қалдырады да, өзге топ мүшелерімен көше жағалап, үйме –үй есік қағып, базарларды кезіп өздері хұтба немесе баян деп айтатын діни уағызды есітуге шақырыды. Белгіленген уақыт кірісімен баян айтушыға барлығы құлақ түруге міндетті. Орналасқан мекенде баян айту мерзімі аяқталысымен тыңдаушыларды өздерімен Алла жолында дінді үйретуге бірге қосыла жүру керектігін уағыздайды. Ниет білдіргендерді өздерімен бірге ерте кетеді. Олардың әдеті бойынша, таң намазының соңынан дағуатқа шыққандар алқақотан болыотырып, бір-біріне калима айтуды, қысқа сүрелерді оқуды, дәрет, намаз шарттарын үйретеді.

«Таблиғшылардың» негізгі тіректері Құран кәрім мен хадис шәріп. Ақидада Әл-Мәтуридия бағытын, фиқһта иман Ағзам мазһабына жүгінеді.

Қазіргі таңда орталығы Пәкістанның Карачи қаласында. Олардың өкілдері егемендік алған жылдардан бастап Қазақстанда да әрекеттерін жүргізіп келеді. Дағуат айтуда белсенділік танытқандары Пәкістанда арнайы дағуат курсынан өткізіліп отырылады. Басқалар үшін үлгілі көрнуге тырысатын ағыммүшелерінің белсенділері сақал қойып, ұзын көйлек киіп жүреді. Үйлену тойларына, туған күнге, қайтыс болған адамның жетісі, қырқы, жылы тәрізді шараларға қатыспайды. Шариғат білімдерін меңгеруге мән бермейді. Сондықтан еліміздің кей жерлерінде білімі таяз таблиғшылардың уағызы мен іс-әрекеттері халық наразылығы тууына себеп болғаны туралы деректер бар.

фото: thenews.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,

Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Таблиғшыларға сенетін болсақ, Ислам діні болған, «сонау заманда!». Ал қазір Алла Тағала қалаған, ақиқат жолға тек «үш және қырық күнге» немесе «Алла жолына» шығу арқылы ғана жетуге болады екен.Егер «дағуатқа» шықпасаң, «бес амалға» отырмасаң мұсылман емессің! барлық құлшылық атаулы «қабыл емес!» )))))Міне, таблиғ деген-осы

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


5 − 5 =