Еркін Тұрғынұлы: Намаз тәртібі жайлы

Білмегенімізді үйреніп жатсақ артықтық етпес. айтайын дегеніміз Исламда бес парыз бар. соның ішінде екінші парыз ол Намаз. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.у «Дәрет намаздың кілті, намаз жаннаттың кілті» деп намаздың қасиеті жайлы көп хадистерді айтып өткен. ал енді Алланың біздерге парыз етілген намаз парыз өтеуі үшін дәрет алып, жалпы барлық шарттарын яғни парыз, уәжіп, сүннәт, мұстахаптарын орындап намазға тұрамыз. Намаз тәртіптерін Намаз кітаптарынан үйреніп оқып жатырмыз. дегенмен жамағатпен намаз оқып жатқанда жамағаттар арасында имаммен бірдей қырағаттарды кәдімгідей естіртіп оқып жатқандарды естіп қалып жүрдік. Дегенмен бұл тақырыптар аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармамыз көп діни әдебиеттерді жарыққа шығарғаны баршамызға мәлім. Еске түсіру мақсатында Имам Ағзам Абу Ханифа мазхаб имамыздың «Муснад» хадис топтама кітабынан намазға байланысты хадистерді келтіріп қателігімізді түзеп алсақ деген ниеттеміз.
Абу Ханифа (р.а) Мусадан, ол Абдуллаһ ибн Шаддадан, ол Жабир ибн Абдуллаһтан риуаят етіледі: » Расулуллоһ с.ғ.у : «Кім имамға ұйыса (иқтида етсе) , имамның қырағаты оның қырағаты болады» деді.
Бір риуаятта: «Бір кісі Расулуллоһ с.ғ.у артында қырағат қылды. Пайғамбарымыз оны бұдан қайтарды»
Және бір риуаятта : «Расулуллоһ кісілермен намаз оқыды. Арқасында бір кісі қырағат қылды.
Расулуллоһ с.ғ.у:-Менің артымда кім қырағат қылды»- деп сұрады
-Мен оқыдым, я Расулуллоһ,- деді бір кісі.
Расулуллоһ с.ғ.у:-Кім имам артында намаз оқыса, имамның қырағаты, оның да қырағаты болады, -деді (103 хадис 61-62 беттер). Яғни жамағат имамға ұйып жатқан кісі намазға ниет айтып Алллоһу Акбар деп екі қолдың бас бармақтарын құлақтың жұмсақ жеріне дейін көтеріп, тигізіп, содан оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктің сәл астына түсіріп қолды байлаған соң «Сана» дуғасын оқып, Аузу билләһи минәш шайтонир рожим. Бисмилләһир рохмәнир рохимді іштен оқып имам Фатиха және зам сүрелерін оқығанда тыңдауы керек.
Тағы да кей жағдайда намазда тұрған уақытта Бисмилләһирохмәнир рохимді дауыстап адам еститіндей оқып жатады. Әрине бұл дұрыс емес іштей оқылуы керек. Өйткені Имам Ағзам Абу Ханифа имамымыздың «Муснад» кітабының 99 хадисінде «(60-ыншы бет): «Абу Ханифа р.а Хаммоддан, ол Анасдан р.а риуаят етіледі. Аннас айтты: » Хәзіреті Пайғамбар с.ғ.у Хазреті Абу Бакір р.а және Хәзіреті Омар р.а «Бисмилләһ»-ты дауыс шығарып оқымас еді». дейді.
Қәзіргі уақытта мазхабты мойындамайтындар хадиспен жүремін дейтін намазхандар намаз оқу кезінде қателіктерге бой беруде. Әрине барлығымыздың да қателігіміз жоқ деп те айталмаспыз. Жаратушы Иеміз қабыл етсін барлығымыздың құлшылығымызды. Дегенмен де имам болған соң жамағаттың құлшылығы дұрыс болғанын қалап, қателік болған уақытта дер кезінде жеке өзіне үйретуге тырысамыз. Соның ішінде намаз ішінде сәждеге барған уақытта бірінші тізені емес үзірсіз әдейі екі қолды жайнамазға қойып содан соң барып қана екі тізені қояды және сәждеден тұрарда екі қолын жайнамазға тіреп екі тізесін бірінші көтеріп содан соң барып қана екі қолын көтереді. Бұл да дұрыс емес Өйткені «Муснад» кітабында Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.у. бұл жайында айтып өткен. Хадисте айтылады: Абу Ханифа р.а Асымдан, ол атасынан , ол Вайл ибн Хижрадан риауаят етеді. Ол: «Хәзіреті Пайғамбар сәждеге бара жатқанда тізелерін қолдарынан алдын қояр еді. Сәждеден тұрып жатқанда қолдарын тізелерінен алдын көтерер еді» деген (106-ыншы хадис 64 бет) хадисі дәлел бола алады. Біздің Имам Ағзам Абу Ханифа имамымыз осы хадиске сүйеніп, біздің Имам Ағзам мазхабы бойынша сәждеге бару тәртібі осы хадиске негізделіп жасаймыз. Сондықтан құлшылыққа байланысты және басқада діни сұрақтарымыз болса жергілікті мешіт имамдарынан білейік жамағат. .

Қазығұрт ауданы бойынша бас имам Полатов Еркін Тұрғынұлы  

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассалаумагалейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракатук Аса Камкор Ерекше мейримди Аллах тагаланын атымен бастаймын.К Д Б айтып ишкиликтин токтату жолдарын карастыра аласыздарма.Мусылман каруы дуга дуга тилейк ИншАллах Башылыкка Халык уланып бара жатканын инисине агасын душпан кылган Арак деген харам затты жойылуын ишилун калай токтатамыз?

Пікір жазу