Шардара ауданы: Сағына күткен Мәуліт мерекесі

Ақпан айының 06 жұлдызында  Шардара қаласының орталығындағы  Абай Мәдениет үйінде Аллаһ Тағаланың жердегі елшісі Мұхаммед (с.а.c) Пайғамбарымыздың туған күні «Мәуліт» рухани мерекелік кеш жоғары дейгейде аталып өтті. Мерекелік іс — шара басталардан алдын облыстық <Асыл мұра> өнер орталығы әзірлеген Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбарымыздың өмірі жайлы бейне көрініс көрсетілді. Жаратқан Алла тағаланың жердегі елшісі (с.а.с) жайлы түсірілген бейнебаян кім — кімді болса да бей — жай қалдырған жоқ.

Мерекелік кешті жүргізуші Бекзат Сәкенұлы Алла тағаланың қасиетті кәламы Құран Кәрімді оқу үшін ортаға  Арыс қаласы «Рәтай» қажы мешітінің бас имамы Пердебек Ізбасқановты  шақырды.

Сөз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан, залдағы көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтап, бүгінгі рухани кешке арнайы дайындықпен келген «Асыл мұра» өнер орталығының өнерпаздарына, көршілес Арыс ауданының бас имамы Абдукамал Абдулкарим бастап келген бір топ қала имамдарына жергілікті ауыл ардагерлері, ауыл  билері, мектеп мекеме басшыларына, ауыл имамдарына алғысын білдірді.

Аудан имамы Асылхан Данияров сөз кезегінде ҚМДБ — ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің іс — сапарда болуына байланысты, арнайы жұртшылықты «Мәуліт» мерекесімен  құттықтау сәлемін жеткізіп, бүкіл әлем мерекелеп жатқан «Мәуліт» мерекесі Республика деңгейінде Мәдениет сарайларында, мектеп актив залдарында жоғарғы деңгейде  аталып өтуде. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) — ның өмір — тарихына қысқаша тоқталып, бүгінгі ғибраты мол рухани кешке демеушілік танытқан бір топ  азаматтарға көпшілік атынан алғысын білдірді.

«Мәуліт» мерекесінің соңында жайылған дастархан басынан ас мәзірін таққан соң қасиетті Құран Кәрім оқылып пайғамбарымыз (с.а.с) және барша дүниеден өткен марқұмдарға сауабы  бағышталды. Соңынан ауыл имамдарымен кезекті жиналыс өтіп, бір шама тапсырмалар жүктеліп, қосалқы көктемгі мешіт ауласының тазалығы, мешіт ауласына гүл, көшет ағаштарын отырғызу, келесі жиналыс Наурыз айынының 06 — жұлдызында «Аллатау Батыр» ауыл округі «Алатау Батыр» мешітінде өтетіндігін тілге тиек етті.

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық

мешітінің  баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу