Шардара ауданы: «Сол күндерден жүрегінде қалған мұң, Армысыңдар батырлары ауғанның»

Ақпан айының 15 — ші жұлдызы күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 24 — жыл толуына орай Шардара ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен үлкен мерекелік іс — шара өтті. Шардара қаласында орналасқан «Қазыбек» салтанат сарайында Ауған ардагерлеріне арнайы жайылған дастархан басында, аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 24 — жыл толуына орай ардагерлерге құттықтау сөзін айта келе, сол Ауғанстан елінде қаза болған, елге — аман есен оралып, соғыс зардабынан қаза болған азаматтардың от — басына көңіл айтты. Дастархан басында аудан имамы А. Данияров Қасиетті Құран Кәрімді оқып, сауабын ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) — ға, Ауғанстан жерінде қаза болған азаматтардың рухына бағыштады.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу