Мақтарал ауданы: Жамағат жаңа дін басының жұмысына Жаратқаннан жақсылық тіледі

Кеше қасиетті жұма күні, жұма намазының алдында жуырдағана еліміздің бас қаласы Астанада өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс VII құрылтайына оңтүстік өңірден барған делегат құрамында қатысып қайтқан ауданымыздың бас имамы Бекзат  Сыздықов жұма намазын оқуға жиналған жамағатпен кездесіп, құрылтайдан алған әсерін бөлісті. Ол, құрылтайда көтерілген мәселелермен ұсыныс пікірлерді, қабылданған қаулылармен жарияланған үндеулерді жамағатқа кеңінен әңгімелей келе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығына жаңа мүфти Ержан қажы Маямеров Малғажыұлы хазреттің келгендігін жеткізді. Құрылтайға қатысқан барлық делегат мүшелері тарапынан мүфтилік лауазымына бір ауыздан мақұлданып, тағайындалған жаңа дін басымыздың қай жерлерде оқып, білім алғандығы, мүфти болғанға дейін қандай қызмет атқарып келгендігі жөнінде баяндай келе, «Құран және хадистерде айтылғандай басшыға бағыну, оған құрмет көрсетіп әмірлеріне мойынсұну  әрқашанда парыз. Сондықтан, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барша мұсылман жамағаты әртүрлі топтар мен ағымдарға бөлінбей Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бағынып, діни басқарма ұстанымдары аясында жәнеде шығарған пәтуәлары негізінде амал жасауға міндетті» деді.

Соңынан, жаңа мүфтиіміздің жаңадан бастап жатқан жұмыстарына игілік тілеп, Жаратқанға жалбарынып жамағатпен біргелікте дұға жасады.

 Сондай-ақ, осы кезге дейін 13 жыл көлемінде Қазақстандағы күллі мұсылман жұртына басшылық жасап, дініміздің өркендеп, еліміздің рухани дамуына өзінің ерен еңбегін сіңіріп келген бұрынғы мүфтиіміз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретпен қимай қоштасқандықтарын айтып, «Ол кісіге де Алла разы болсын. Алдағы ғылым саласындағы атқарар қызметтері де әрқашанда табысты болғай!»-деп Тәңірден тілек тіледі.

Иә, Алла көптің тілегін тез қабыл етеді. Сондықтан, барша мұсылман жамағатын жаңа дінбасымен құттықтап, ол кісінің алдағы атқарар жұмыстары жемісті болсын деп Аллаһқа дұға жасауға шақырамыз.

А. Нұрматов

Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай»

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты. (2) maida 2

Пікір жазу