Сарыағашта 5-жасар бала ғайыптан сүндеттеліп қалды

Таяуда Сарыағаш ауданының Тегісшіл ауылында таңғажайып оқиға орын алды.

Осы ауылда тұратын Азамат Сапарбай атты кішкентай сәби ғайыптан сүндеттеліп қалды. Анасы Үрзияның айтуынша, ел-жұртты таңқалдырған бұл ерекше оқиға 2-ші ақпан күні түнде болған.

«Азамат сол күні түнде ұйықтап жатқанда қатты шошынды, – дейді Үрзия. – Бұрын ондай әдеті жоқ еді. Содан артынша қайтадан ұйықтап кетті. Мен ертеңіне қарасам, ұлымның іш киімі қан-қан болып тұр екен. Мұнысы несі деп таңданып, онысын шешіп қарадым. Сөйтсем, ұлым сүндеттеліп қалыпты. Өз басым бұған дейін мұндай таңқаларлық оқиғаны көрмек түгілі, естіген де емеспін. Сондықтан уақыт созбай дереу баланы дәрігерге апарып көрсеттім. Ол кісі ары-бері қарап, Азаматтың жыныс мүшесі ғайыптан сүндеттелгенін айтты. Сосын екеуміз ауыл молдасына да бардық. Ал молда Азаматты періштелер сүндеттеген деген қорытындыға келді. Қазір ұлымның денсаулығы жақсы. Осы оқиғадан кейін де мазасызданған емес».

Азамат әлі кішкентай, алдағы тамыз айында бес жасқа толады. Оның ата-анасы Досбол мен Үрзияның отбасында үш ұл мен бір қыз өсіп келеді. Азамат – үйдегі үшінші бала. Анасы Үрзиядан ғайыптан періште сүндеттеген ұлының мінезі қызық екенін естідік.

«Ұлым сәл қырсықтау, кішкентай балаларға тән еркелігі де бар. Тілалғыш, дегенмен кейде оның ойынша бар айтқаны орындала беруі керек», – деп күледі ол. Өткен сейсенбіде Азаматтың ата-анасы қой сойып, ауылдастары мен туған-туыстарына арнап дастархан жайды.

Бұл күні кішкентай Азаматтың басынан өткен ерекше оқиғаға таңқалмаған адам кемде-кем. Келгендердің барлығы да мұны жақсылыққа жорып отыр.

Ақпарат көзі: Муслим.Кз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    СубханАллаh

Пікір жазу